Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина билігі Батыстан қосымша қару-жарақ жеткізуді талап етті

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Киев ұжымдық Батыстан әлдеқайда қуатты әрі шабуылдауға арналған қару-жарақ жеткізуді талап етіп отыр. Бұл АҚШ пен НАТО-ның Ресеймен әскери қақтығысына себеп болуы мүмкін, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко
30 наурызда АҚШ Конгресінің қарулы күштер бойынша өкілдер палатасының комитетінде Украина билігінің талабы талқыланды. Негізінен Украина Қарулы күштеріне кеңестік өндіріске жататын Су-25 шабуылдаушы ұшақтарын жеткізу қарастырылды. Соғысқа жарамды ондаған әскери машинаны АҚШ енді одақтастарынан іздестіруі қажет.
Улан-Удэ мен Тбилисидегі авиазауыттарда сериялық өндірістен бастап 1991 жылға дейін 1300-ден астам Су-25 ұшағы шығарылды. Бұл ұшақтың әртүрлі модификациялары бұрынғы КСРО елдерінде, Болгария, Венгрия, Словакия, Македония, Перу және Африка мен Таяу Шығыстың бірқатар мемлекетінің әскери-әуе күштерінің құрамында көзге түсті.
Егер қалай да Украинаға Су-25 партиясын жеткізу мүмкін болса, онда тағы екі мәселе туындайды. Бұл оларды орналастыру аэродромы мен ұшуға жарамды ұшқыштарға қатысты. Сондықтан ұшақтармен қоса шетелдік ұшқыштар мен НАТО-ның әскери базаларын қоса ұсынуға тура келеді.
"Наурыздың соңында Киевтің танктер мен әскери ұшақтарды жеткізу бойынша Вашингтонға қойған талабы күшейді. Бірақ танктердің "жолы болмады": себебі батыстағылар өз машиналарын Украина Қарулы күштерінің мамандары тез арада игере алмайтындай күрделі модификацияда екенін алға тартты. Ал Шығыс Еуропадағы Т-72 модификациясындағы кеңестік танктер тасымалдау кезінде көзге түсу қаупі жоғары екені айтылды.
Бұған дейін поляктардың отызға жуық Ми-29 ұшағы да қарастырылған еді, бірақ Варшава мен Германиядағы Рамштайн америкалық базасындағы әскери қолбасшылар әскери техниканы қатерге тікпеуге шешім қабылдады. АҚШ-та Украинаға 100 дана Switchblade-300 бен Switchblade-600 камикадзе-ұшақтарын жеткізу жайы екі апта талқыланды.
Әскери шолушының айтуынша, Украина Қарулы күштерінің қару-жарағы мен техникасын ресейлік әскер жылдам жойып жатыр. Арнайы әскери операция басталғаннан бері 124 ұшақ пен 77 тікұшақ, 216 зениттік зымыран кешені, 341 пилотсыз ұшу аппараты, 1815 танк және басқа да броньдалған машина, 195 реактивті жаппай оқ ату жүйесі, 762 дала артиллериясы, 1689 арнайы әскери автомобиль техникасы қиратылған.
30 наурызда Мемлекеттік департамент өкілі Селеста Уолландер Украина Қарулы күштеріне әуе шабуылына қарсы қорғануды қамтитын С-300 зениттік зымыран кешендерін жеткізу бойынша Словакциямен келіссөз жалғасып жатқанын айтты. Дәл сол күні АҚШ пен Ұлыбритания Украина қауіпсіздігіне кепіл бола алмайтынын мәлімдеді.
"Украина президенті Владимир Зеленский америкалық көшбасшы Джозеф Байденнен "ерекше қорғаныстық қолдауды" талап етіп, әлемді Ресеймен соғысқа тартуға тырысып жатыр. Күні кеше Норвегия парламентінен NASAMS мобильді зениттік зымыран кешендерін және Harpoon танкке қарсы зымырандарын сұрады. Бүгін Австралия парламентін Ресейге қарсы санкцияларды күшейту қажеттілігіне көндіруге тырысты", - деп жазды Хроленко.
Washington Post басылымы Украина Қарулы күштерінің әскери техниканы тұрғын үйлердің жанына орналастырып, бейбіт халыққа орасан зор қауіп төндіріп жатқанын жазды. Ал Украина президенті кеңсесі басшысының креативті кеңесшісі Алексей Арестович парлмент бекіткен елдегі әскери доктрина "жаппай қорғаныс" ұстанымын қарастыратынын айтты. Ал шындығында дәл осындай қорғаныс әрекеті Украина қалаларын қиратуға себеп болып отыр.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы әскери іс-қимылды "халықаралық тәртіптің негізін бұзатын апат" деп атап өтті. 2021 жылы 84 миллион адам соғыс салдарынан босқынға айналғанын ескертті. Ал одан бір жыл бұрын жаһандық әскери шығындардың көлемі 2 триллон долларға дейін артты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0