https://sputnik.kz/20220406/almaty-oblysy-azhetkhana-zorlau-24012886.html
Алматы облысында даладағы әжетхананың қасында әйелді зорлап, тонап кетті
Алматы облысында даладағы әжетхананың қасында әйелді зорлап, тонап кетті
Sputnik Қазақстан
Зорлаушы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған болып шықты. Ер адам ұсталып, қамауға алынды 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T07:24+0500
2022-04-06T07:24+0500
2022-04-06T07:24+0500
зорлау
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995876_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_76a113dccc41e90fc4def7040b9dd97a.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 сәуір – Sputnik. Алматы облысында полицейлер 39 жастағы әйелді зорлап, тонап кетті деген күдіктіні ұстады.Наурыз айының басында Жамбыл ауданының тәртіп сақшыларына 39 жастағы әйелден зорланғаны туралы арыз түскен. Ол даладағы дәретхананың жанында бейтаныс жігіт тап бергенін айтқан.Полицейлер қылмыскердің қымбат телефонды ұрлап кеткенін де анықтады. Жәбірленуші күдіктінің сырт келбетін сипаттап берді, соның негізінде фоторобот жасалды. Нәтижесінде олар арнайы мәліметтер базасының көмегімен күдіктіні анықтаді. Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған."33 жастағы ер адам Алакөл ауданының тумасы, бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған. Кейінгі уақытта ол Алматы қаласының маңында тұрған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің қайда жүргенін анықтадық. Ол ұсталып, полиция жеткізілді. Көзбе-көз беттестіру кезінде жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған ер адамды таныды. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды", - деді Жамбыл ауданы полициясы бастығының орынбасары Айдын Жексенбаев.Ведомство күдіктіге Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) және 191-бабы (Тонау) бойынша айып тағылып жатқанын атап өтті. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20220310/qyz-zorlau-ukim-23420762.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995876_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5661ae96c0c1a822a61dcf45335a9722.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлау, алматы облысы
Алматы облысында даладағы әжетхананың қасында әйелді зорлап, тонап кетті
Зорлаушы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған болып шықты. Ер адам ұсталып, қамауға алынды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 сәуір – Sputnik. Алматы облысында полицейлер 39 жастағы әйелді зорлап, тонап кетті деген күдіктіні ұстады.
Наурыз айының басында Жамбыл ауданының тәртіп сақшыларына 39 жастағы әйелден зорланғаны туралы арыз түскен. Ол даладағы дәретхананың жанында бейтаныс жігіт тап бергенін айтқан.
Полицейлер қылмыскердің қымбат телефонды ұрлап кеткенін де анықтады. Жәбірленуші күдіктінің сырт келбетін сипаттап берді, соның негізінде фоторобот жасалды. Нәтижесінде олар арнайы мәліметтер базасының көмегімен күдіктіні анықтаді. Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"33 жастағы ер адам Алакөл ауданының тумасы, бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған. Кейінгі уақытта ол Алматы қаласының маңында тұрған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің қайда жүргенін анықтадық. Ол ұсталып, полиция жеткізілді. Көзбе-көз беттестіру кезінде жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған ер адамды таныды. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды", - деді Жамбыл ауданы полициясы бастығының орынбасары Айдын Жексенбаев.
Ведомство күдіктіге Қылмыстық кодекстің 120-бабы (Зорлау) және 191-бабы (Тонау) бойынша айып тағылып жатқанын атап өтті. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.