https://sputnik.kz/20220310/qyz-zorlau-ukim-23420762.html
Демалыс базасында кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жігітке үкім шықты
Демалыс базасында кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жігітке үкім шықты
Sputnik Қазақстан
Былтыр маусымда осы жағдайға байланысты Петропавлда шу шықты 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T14:18+0500
2022-03-10T14:18+0500
2023-08-11T11:44+0500
қоғам
қылмыс
зорлау
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Петропавлда демалыс базасының аумағында кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жігіт ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Былтыр маусымда осы жағдайға байланысты Петропавлда шу шықты. Достарымен бірге демалыс базасында болған 17 жастағы қызды бес жігіт, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім зорлады. Кей мәлімет бойынша, олар отырысқа қатысқан бір адамның танысы болған және соны іздеп келген. Жәбірленушінің анасы полицияға келесі күні арыз жазды. Сонымен қатар әйел кейінірек зорлық жасағандардың туысы қысым көрсеткенін, қызынан жасына антропологиялық мәліметтің сәйкестігі бойынша сараптама талап етілетінін айтты. Заңгерлердің айтуынша, бұл шара зорлаушыларға сотта кәмелетке толмаған қызды зорлағанын білмегендерін айтуға құқық беруі мүмкін, бұл олардың қамауға алу мерзімін қысқартуға көмектеседі.10 жылдан 16 жылға дейін сотталды Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер фактісі бойынша (ҚР ҚК 121-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы және 120-бап 3-1-бөлігі 1-тармағы) бес сотталушыға қатысты іс жабық режимде қаралды. Істі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Викторенко қарады. Сот 2021 жылдың 11 маусымында Петропавл қаласының демалыс аймағы аумағында бес жігіт – 2004 жылы туған М., 2002 жылы туған Р., 2004 жылы туған И., 2001 жылы туған С. және 2003 жылы туған Б. келісілген және кезекпен әрекет етіп, кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтады. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғағы, сараптама қорытындылары және басқа да дәлелдемелер арқылы анықталады. Прокурор Р., С. және Б.-ға 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі, кәмелетке толмаған М. және И.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға өтініш білдірді. Кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі прокурордың ұстанымын қолдады. Сотталушылар өз кінәсін мойындамады және өздерін ақтауды сұрады. Бұл әрекет үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс бойынша М., И., Б. және С.-ың қылмысты мас күйінде жасағаны ауырлататын жағдай деп танылды. Жеңілдететін жағдай ретінде тек И. және М.-ға олардың кәмелетке толмағанына қатысты әсер етті. Нәтижесінде сот Р., Б. және С. педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойы атқару құқығынан айырып, қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Кәмелетке толмағандарды 10 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға болмайады. Ал белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Осы шектеуді ескеріп, сот М. және И. 10 жылға бас бостандығынан айыруды, ал педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырды. М. жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, ал И. кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленуші Д.-ның сотталушылардан 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап арызын толық қанағаттандырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, зорлау
Демалыс базасында кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жігітке үкім шықты
14:18 10.03.2022 (жаңартылды: 11:44 11.08.2023) Былтыр маусымда осы жағдайға байланысты Петропавлда шу шықты
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Петропавлда демалыс базасының аумағында кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жігіт ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр маусымда осы жағдайға байланысты Петропавлда шу шықты. Достарымен бірге демалыс базасында болған 17 жастағы қызды бес жігіт, оның ішінде екі кәмелетке толмаған жасөспірім зорлады. Кей мәлімет бойынша, олар отырысқа қатысқан бір адамның танысы болған және соны іздеп келген.
Жәбірленушінің анасы полицияға келесі күні арыз жазды. Сонымен қатар әйел кейінірек зорлық жасағандардың туысы қысым көрсеткенін, қызынан жасына антропологиялық мәліметтің сәйкестігі бойынша сараптама талап етілетінін айтты.
"Болған жайтты қинала өткеріп жатырмыз, ал олар жасына байланысты сарапамадан өтуге мәжбүрлейді. Мен мұны абсурд және масқара деп санаймын. Зорлықшылардың туыстары үнемі біздің үйімізге келіп, келіскісі келді", - дейді қыздың анасы.
Заңгерлердің айтуынша, бұл шара зорлаушыларға сотта кәмелетке толмаған қызды зорлағанын білмегендерін айтуға құқық беруі мүмкін, бұл олардың қамауға алу мерзімін қысқартуға көмектеседі.
10 жылдан 16 жылға дейін сотталды
Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер фактісі бойынша (ҚР ҚК 121-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы және 120-бап 3-1-бөлігі 1-тармағы) бес сотталушыға қатысты іс жабық режимде қаралды. Істі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Викторенко қарады.
Сот 2021 жылдың 11 маусымында Петропавл қаласының демалыс аймағы аумағында бес жігіт – 2004 жылы туған М., 2002 жылы туған Р., 2004 жылы туған И., 2001 жылы туған С. және 2003 жылы туған Б. келісілген және кезекпен әрекет етіп, кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын анықтады.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғағы, сараптама қорытындылары және басқа да дәлелдемелер арқылы анықталады. Прокурор Р., С. және Б.-ға 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі, кәмелетке толмаған М. және И.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға өтініш білдірді.
Кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі прокурордың ұстанымын қолдады.
Сотталушылар өз кінәсін мойындамады және өздерін ақтауды сұрады. Бұл әрекет үшін 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс бойынша М., И., Б. және С.-ың қылмысты мас күйінде жасағаны ауырлататын жағдай деп танылды. Жеңілдететін жағдай ретінде тек И. және М.-ға олардың кәмелетке толмағанына қатысты әсер етті.
Нәтижесінде сот Р., Б. және С. педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды өмір бойы атқару құқығынан айырып, қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.
Кәмелетке толмағандарды 10 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыруға болмайады. Ал белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру 1 жылдан 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Осы шектеуді ескеріп, сот М. және И. 10 жылға бас бостандығынан айыруды, ал педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырды.
М. жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, ал И. кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот жәбірленуші Д.-ның сотталушылардан 10 миллион теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап арызын толық қанағаттандырды.