https://sputnik.kz/20220405/oskemen-turgyndary-shoshqa-fermasy-23994114.html
Өскемен тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті
Өскемен тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті
Sputnik Қазақстан
Шошқа фермасының иелері жергілікті тұрғындармен де, журналистермен де, шенеуніктермен де сөйлесуден бас тартты 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T11:51+0500
2022-04-05T11:51+0500
2022-04-05T11:51+0500
өңірлер
өскемен
ферма
https://sputnik.kz/img/old/19/38/193828_0:0:360:203_1920x0_80_0_0_3e560f81e236ea13c9ba39db1e4fa176.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласының маңындағы елді мекен тұрғындары үйлеріне жақын орналасқан шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Олар шошқа фермасының қоқыс-шайындысы жерге еніп, құдықтағы суды ластап жатыр деп санайды. Бүгінде су иістеніп, ішу мүмкін болмай тұр. Заң бойынша шошқа фермасы тұрғын үйлерден бес шақырым қашықтықта орналасуы керек. Ал өскемендіктердің үйлері мұндай нысаннан небәрі бірнеше метр жерде орналасқан. Шошқа фермасының иелері жергілікті тұрғындармен де, журналистермен де, шенеуніктермен де сөйлесуден бас тартты. Халық шағымынан кейін жергілікті экология департаменті тексеру жүргізетін болды. Ал әкімдіктегілер тұрғындарға сотқа шағымдануға кеңес берді. Шошқа фермаларына қатысты дау Еске салсақ, 2020 жылдың күзінде Ақтөбе жанындағы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты жанжал шықты. Жергілікті тұрғындар оны жабуды талап етті. Тергеу анықтағандай, шошқа фермасының қалдықтары тікелей кәсіпорын аумағында көміліп, фермадағы шошқа саны белгіленген мөлшерден асып кетуі салдарынан қоршаған ортаға 7,2 миллиард теңгеге залал келтірілген.Дауға айналған ферманы мәжбүрлі түрде жабу үшін кәріз жүйесі ажыратылып, соның салдарынан шошқалар жаппай қырылды. Ал шошқа фермасының жабылуына байланысты жұмыссыз қалған 500 адам нысанды қайта ашуды талап етіп, аштық жариялады. Кәсіпорын иесі бір жарым жылға түрмеге жабылып, былтыр рақымшылықпен мерзімінен бұрын босатылды. Сонымен қатар Атыраудағы шағын аудандардың біріндегі жеке үй ауласындағы шошқа фермасына наразылар да табылды. Қала тұрғыны бастапқыда екі шошқа асырап, кейіннен оның санын жүзге жеткізген. Шошқа фермасының жағымсыз иісі көршілерге кедергі келтіре бастады.
https://sputnik.kz/20210114/Bestamaq-shosha-fermasy-16026495.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/19/38/193828_88:0:359:203_1920x0_80_0_0_58912fd2678754ab480e9e6442e1ac4b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, ферма
Өскемен тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті
Шошқа фермасының иелері жергілікті тұрғындармен де, журналистермен де, шенеуніктермен де сөйлесуден бас тартты
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласының маңындағы елді мекен тұрғындары үйлеріне жақын орналасқан шошқа фермасының жабылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды
"Астана" телеарнасы.
Олар шошқа фермасының қоқыс-шайындысы жерге еніп, құдықтағы суды ластап жатыр деп санайды. Бүгінде су иістеніп, ішу мүмкін болмай тұр. Заң бойынша шошқа фермасы тұрғын үйлерден бес шақырым қашықтықта орналасуы керек. Ал өскемендіктердің үйлері мұндай нысаннан небәрі бірнеше метр жерде орналасқан.
Шошқа фермасының иелері жергілікті тұрғындармен де, журналистермен де, шенеуніктермен де сөйлесуден бас тартты. Халық шағымынан кейін жергілікті экология департаменті тексеру жүргізетін болды. Ал әкімдіктегілер тұрғындарға сотқа шағымдануға кеңес берді.
Шошқа фермаларына қатысты дау
Еске салсақ, 2020 жылдың күзінде Ақтөбе жанындағы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты жанжал шықты. Жергілікті тұрғындар оны жабуды талап етті. Тергеу анықтағандай, шошқа фермасының қалдықтары тікелей кәсіпорын аумағында көміліп, фермадағы шошқа саны белгіленген мөлшерден асып кетуі салдарынан қоршаған ортаға 7,2 миллиард теңгеге залал келтірілген.
Дауға айналған ферманы мәжбүрлі түрде жабу үшін кәріз жүйесі ажыратылып, соның салдарынан шошқалар жаппай қырылды. Ал шошқа фермасының жабылуына байланысты жұмыссыз қалған 500 адам нысанды қайта ашуды талап етіп, аштық жариялады.
Кәсіпорын иесі бір жарым жылға түрмеге жабылып, былтыр рақымшылықпен мерзімінен бұрын босатылды. Сонымен қатар Атыраудағы шағын аудандардың біріндегі жеке үй ауласындағы шошқа фермасына наразылар да табылды. Қала тұрғыны бастапқыда екі шошқа асырап, кейіннен оның санын жүзге жеткізген. Шошқа фермасының жағымсыз иісі көршілерге кедергі келтіре бастады.