Өңірлер

Бестамақ шошқа фермасының дауы: жанжал төбелеске ұласа жаздады

© AP Photo / Eddy RischПоросята роют снег швейцарской деревне Тримис
Поросята роют снег швейцарской деревне Тримис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл жолы алғаш рет ауыл тұрғындарына ферма қызметкерлерінің өзі шықты. Жанжалдың соңы төбелеске ұласа жаздады

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы Бестамақ ауылының тұрғындары шошқа фермасының маңына тағы жиналды. Олар кәсіпорын айғақтарды жасыруға тырысып отыр деп санайды.

Шаруашылық кешенінде жаппай тексеру жүргізуге қол жеткізген ауыл тұрғындарының тергеуге көңілі толмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 13 желтоқсанда жергілікті тұрғындар кәсіпорынға келіп, наразылық білдірді.

"Бізге ферманы тексеру үшін Алматы және Ақтаудан экологтар келетінін айтты. Оларды күттік. Ал ферма қызметкерлері айғақтарды жасыруға тырысып отыр екен. Табылған қалдықтың бәрін тиегішпен көміп жатыр. Сол себепті осы жерге жиналдық", - деп түсіндірді ауыл тұрғыны Самат Сағынбаев.

Ал "дәлелдерді жойып жатқан" видео бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланды. Шенеуніктер видеоны зерттеп, кәсіпкер заңбұзушылықтарды жоймай, жұмыс істеп жатыр деген қорытындыға келді.

"Жер учаскелерін қазып, ұйғарым бойынша ретке келтіруі керек. Алайда олар бәрін қате істеп жатыр. Халық олардың дәлелдерді жасыра алмайтынын айтып отыр, бұл – жөн айтылған пікір. 20 қаңтарда тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Полиция департаменті бәрін қайта тексереді", - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.

Бұл жолы алғаш рет ауыл тұрғындарына ферма қызметкерлерінің өзі шықты. Жанжалдың соңы төбелеске ұласа жаздады. Жанжал туындауына кім себепкер болғанын тергеушілер анықтайды.

"Жұмысынан айырылып қалудан қорқатын адамдар шықты. Қазір Ақтөбе облысында жұмыс табу қаншалықты қиын екенін жақсы білесіздер. Жалпы Қазақстандағы жағдай солай. Фермада 400-ден астам адам жұмыс істейді", - деді ферма қызметкері Петр Мурашкевич.

Ал полиция кешен қызметкерлері ауыл тұрғындарына өз еркімен шықпақ жоқ деп санайды. Егер бұл расталса, ферма басшыларын тағы да қиындық күтіп тұр.

Айта кетейік, қарашаның соңында Бестамақ тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті. Тұрғындар кәсіпорынның өзен, топырақты улап, үш мыңнан астам ауыл тұрғынының өміріне қауіп төндіретінін айтты.

Кейінірек экология департаменті Бестамақ тұрғындарының ұжымдық мәлімдемесінде айтылған экологиялық нормалардың бұзылу фактілері расталғанын хабарлады. Қоршаған ортаға келтірілген шығын 7 миллиард теңге.

Жаңалықтар
0