https://sputnik.kz/20220405/dikiy-armandy-qamau-merzimi-24003028.html
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің қамау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылған болатын 05.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-05T15:50+0500
2022-04-05T15:50+0500
2022-05-23T14:53+0500
қамауға алынды
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_224:199:1486:909_1920x0_80_0_0_186bf390c0731b9176fb987fc25dedf0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Алматының тергеу соты Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін ұзартты. Тергеушілер Жұмагелдиевті қамау мерзімін ұзартуды сұраған. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды.Бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің қамау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылған болатын. Айта кетері, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды.Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді. Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Евгений Яворский өз клиентіне қатысты Бас прокуратура басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Іс 2022 жылдың 1-10 қаңтары аралығында Қазақстан аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қаралып жатыр. Сондай-ақ, "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізген.Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын мәлімдеді. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/02/22438809_198:169:1185:909_1920x0_80_0_0_02102a6983cafae702f6df2df0a7dd95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қамауға алынды
Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
15:50 05.04.2022 (жаңартылды: 14:53 23.05.2022) Бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің қамау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Алматының тергеу соты Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін ұзартты. Тергеушілер Жұмагелдиевті қамау мерзімін ұзартуды сұраған. Сот олардың өтінішін қанағаттандырды.
"Тергеу сотының үкімімен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. Қамауға ұстау мерзімін 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің қамау мерзімі 7 сәуірге дейін
ұзартылған болатын.
Айта кетері, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды.
Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді. Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Евгений Яворский өз клиентіне қатысты Бас прокуратура басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Іс 2022 жылдың 1-10 қаңтары аралығында Қазақстан аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қаралып жатыр. Сондай-ақ, "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізген.
Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын мәлімдеді. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.