Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

"Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі ұзартылды

© Photo : instagram/armandzhumageldievАрман Жұмагелдиев
Арман Жұмагелдиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2022
Жазылу
Ақпаратты бас прокуратураның баспасөз қызметі растады
АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақпаратты бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды.
Айта кетері, 11 қаңтарда Алматыда арнайы операция барысында Арман Жұмагелдиев ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Оның алдында 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны белгілі болды.
Олардан түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.
Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Евгений Яворский өз клиентіне қатысты Бас прокуратура басшылығымен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Іс 2022 жылдың 1-10 қаңтары аралығында Қазақстан аумағында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактісі бойынша қаралып жатыр.
Сондай-ақ, "Дикий Арманның" қылмыстық тобы бейбіт тұрғындарды көшеден ұрлап, полицияға жеткізген. Жуырда елдің бас прокуроры Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің алты қызметкері осы қылмыстық топ ұрлаған 24 азаматты азаптады деп айыпталып отырғанын мәлімдеді. Салдарынан жәбірленушілердің барлығы дене жарақатын алған. Бір адам қаза болды.
Бақтияр Артаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Спорт
"Бауырым үшін жүрегім ауырады": "Дикий Арман" туралы жазған Артаев қызметінен кетті
Жаңалықтар
0