Спорт

"Бауырым үшін жүрегім ауырады": "Дикий Арман" туралы жазған Артаев қызметінен кетті

© Sputnik / Абзал КалиевБақтияр Артаев
Бақтияр Артаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2022
Жазылу
2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті және мемлекеттік бапкер қызметінен кету туралы өтініш білдірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Ол 11 ақпанда жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Бұйрыққа әлі қол қойылған жоқ. Барлығы бірден орындалмайтынын білесіздер. Ал ақпарат рас. Жұмыстан кету себебі көрсетілмеген, өз еркімен кететіні жазылған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Бақтияр Артаев "Дикий Арман" ретінде танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелидевке арнап пост жазды. Ол "бауыры үшін жүрегі ауыратынын" айтып, оны босатуды сұрады.
Олимпиада чемпионы қазір істі болып жатқан Жұмагелдиев пандемия кезінде қазақстандықтарға көмектескенін еске салды.
Жаңалықтар
0