Буча: антиресейлік арандатушылық

© РИА НовостиУничтоженный украинским снарядом погранпункт в Ростовской области, 21 февраля 2022 года
Уничтоженный украинским снарядом погранпункт в Ростовской области, 21 февраля 2022 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Украин ұлттық гвардиясының Киев облысындағы бейбіт тұрғындарды өлтіруі Югославияның Сребреница қаласындағы оқиғаның баламасы болатын қантөгіске алып келуі мүмкін. Батыстың қару-жарақ жеткізуін жылдамдату және Ресейді бүкіл әлемге жауыз етіп көрсету мақсатында Украинада антиресейлік арандатулар ұйымдастырылды. Бучадағы оқиға арқылы АҚШ Еуропадағы экономикалық және әскери ықпалын нығайтып, НАТО-ны шығысқа қарай кеңейтуды көздеп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небендзя 3 сәуірде Бучадағы жағдайдың Киев режимінің арандату әрекетімен жасаған "қойылымы" екенін бұлтартпас дәлелдерін журналистерге ұсынды. 5 сәуірде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украиндердің Буча қаласындағы оқиғаға қатысты Ресейді айыптау "жақсы ұйымдастырылған трагедиялық шоу" екенін айтты.
Кезекті келіссөз раундының қорытындысын жариялағаннан кейін ресейлік әскери бөлімшелер 30 наурызда Бучадан кетті. Келесі күні, яғни 31 наурызда Буча мэрі Анатолий Федорук қаланың "азат етілгені" туралы қуанышқа толы бейнесюжет жариялады. Бұл кезде қала көшелерінде адам мәйіттері болған жоқ.
Ұшақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Қоғам
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді
Ал Украина Ұлттық гвардиясының арнайы мақсаттағы "Сафари" полкі 2 сәуірде Бучаны "Ресей жандайшаптарынан" тазалады. Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко ведомстволық сайтты тазалау жүргізу видеосын жариялады. Бұл туралы украин БАҚ жазды. Көп ұзамай видеоны желіден өшіріп тастағанмен, оның скрині сақтаулы. 3 сәуірге дейін Бучада ешқандай қантөгіс немесе кісі өлтіру болған жоқ және қала көшелерінде адам мәйіттері жатқан жоқ.
2 сәуірде Бучаны тазалауға Киевтің аймақтық қорғаныс қызметі де қатысты – желіде Боцман мен Беленюктің сәйкес бейнесюжеті пайда болды. Олардың бірі көк таңғыш тақпаған бейбіт тұрғындарды атуға рұқсат бергені кадр сыртындағы дауыстан естіледі. Ролик соңында әлдекімнің "Өлтірмеңіздер, өтінемін" дегенін де естуге болады.
"Сондықтан, Бучаның бейбіт тұрғындарын 2 сәуірде, яғни ресейлік әскерилер Киев облысынан кеткеннен кейін үш күннен соң атып тастағаны белгілі. "Басқыншылар агенті" деп санағандардың барлығына оқ атқан. Ресейлік әскерилер Бучада қолдарына ақ таңғыш байлап жүрді. Сондықтан жергілікті халық та қарсылық көрсетпейтінін, көшеде еркін жүру үшін ақ байлауыш таққан. Желіде тараған видео мен суретте ақ таңғышы бар өлі немесе жаралы адамдар бейнеленген. Ендеше украин сарбаздары ақ таңғышы бар бейтін тұрғындарды ресейліктер деп санағандықтан атып тастаған", - дейді Хроленко.
Біраз бұрын танымал ұлтшыл Сергей Бондарь аймақтық қорғаныс қызметі украин тікұшағы мен пилотсыз ұшатын аппараттарды атып құлатқанын хабарлады. Сондықтан Киев маңындағы отандастарына да аяусыздық таныту мұндай "мамандар"үшін түк емес, дейді сарапшы.
Батыстағы БАҚ ешқандай сараптама нәтижесін күтпестен, Ресейді айыптаған үкім жариялады, ал тыңдармандар мен көрермендер бұған бірден сенді.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан 4 сәуірде "әскери қылмыстар" мен Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы мәлімдеді. АҚШ бүкіл әлемді Ресейге қарсы қоюды көздеп отыр. Вашингтон ресейлік ээнергия тасымалдаушылардан бас тартып, Батыс елдерінен барлық ресейлік дипломатты жаппай кетіруді қолдайды.
Ақ үй ресейлік армияны жауыз етіп көрсеткісі келеді. Ресей Федерациясының бастамасы бойынша Бучадағы оқиғаға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізуден ойдан құрастырылған сылтаумен екі рет бас тартты. Себебі Киев режимінің кезекті жалған ақпараты АҚШ пен НАТО-ның беделіне әлем алдында орасан зор нұқсан келтіреді. Ал РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей украин әскерінің қылмысын әшкерелеп, тиісті жазаға тартылуын талап ете беретінін айтты.
Ресей-Украина келіссөзі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Путин мен Зеленскийдің кездесуі жөнінде шешім ұсынды
Бүгінде Aydınlık түрік басылымы "Бучадағы қан іздері Киевке қарай алып барады" деп жазып, орыстарды жауыздыққа айыптау Ресей әскері қаладан кеткеннен кейін төрт күн өткен соң басталғанын, ал мәйіттердегі қан ұйып үлгермегенін әрі түсі қызыл екенін таратты. Әйтсе де, америкалықтарға бағынышты БАҚ орыстарды кінәлауды жалғастырып жатыр.
РФ Қорғаныс министрілі Киевтен 23 километр қашықтықтағы Мощун елді мекенінде Украина Қарулы күштері 72-ші бас психологиялық операциялар орталығғының әскерилері ресейлік армиядан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың кезекті жасанды видеосын түсіргенін анықтады. Бұл батыстағы БАҚ-та жариялануы үшін жасалған әрекет.
Хроленконың пікірінше, Киев режимінің орындап жатқан "құрбан" кейпіндегі барлық әрекеті ерте ме, кеш пе, мәлім болады. Қазірдің өзінде тұтқынға түскен ресейлік әскерилерді бауыздап, атып өлтірген украин армиясының желіде тараған видеосы әлемнің көзін аша бастады.
Әскери шолушы Александр Хроленокның Telegram арнасы
Жаңалықтар
0