Нұр-Сұлтанда бірнеше автобустың бағдары өзгерді

© Sputnik / Абзал КалиевАялдамадағы адамдар
Аялдамадағы адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Қозғалыс сызбасының уақытша өзгеруіне жол жөндеу жұмыстары себеп болды
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты үш бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы CityTransportationSystems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 9, 34, 46, 24, 45 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 4 сәуірден бастап қала маңына қатынайтын № 319 бағдарының жүру кестесіне өзгеріс енгізіледі.
Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына жерде таныса аласыздар.
Рақымқызы Райса ана мешіті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Рамазан-2022: Нұр-Сұлтанда тегін автобустар жүреді
Жаңалықтар
0