Рамазан-2022: Нұр-Сұлтанда тегін автобустар жүреді

© Sputnik / Владислав ВодневРақымқызы Райса ана мешіті
Рақымқызы Райса ана мешіті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
2 сәуірден бастап қасиетті Рамазан айында мұсылмандарға арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Рамазан айында астаналық мешіттерден тегін автобустар жүреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"City Transportation Systems" компаниясының мәліметіне сәйкес, тарауих намазынан кейін қала мешіттерінен автобустар бірнеше бағытта түнгі бірге дейін жүреді.
"2 сәуірден бастап қасиетті Рамазан айында мұсылмандарға арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді", - дейді компания мамандары.
Әзірет Сұлтан мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- "Спутник" супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- Көктал-1 мен 2.
Әбу Насыр әл-Фараби мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- Көктал-1 мен 2;
- Теміржол вокзалы;
- Медициналық колледж.
Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:
- Көктал-1 мен 2;
- Кирпичный.
Ырыскелді қажы мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
- Ильинка тұрғын алабы.
Рақымқызы Райса ана мешітінен жүретін бағдардың бағыты:
- "Рахмет" сауда орталығы.
Жаңалықтар
0