https://sputnik.kz/20220403/petropavldagy-apat-sevkazenergo-aq-bas-direktory-ustaldy-23915043.html
Петропавлдағы апат: "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды
Петропавлдағы апат: "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Петропавлда "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 03.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-03T08:03+0500
2022-04-03T08:03+0500
2022-04-03T08:03+0500
өңірлер
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e6/03/14/23656526_66:0:992:521_1920x0_80_0_0_84d15504ac869c378f6e3ea0747e29ac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Петропавлда "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады."1 сәуірде СҚО ДП қызметкерлері "Севказэнерго" АҚ бас директорын ұстап, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі тергеу ІІМ, прокуратура және полиция басшылығының бақылауында", - деді полициядағылар.Айта кетері, "Севказэнерго" АҚ бас директоры – 48 жастағы Михаил Косачев. Бұрын Нұр-Сұлтан мен Көкшетау кәсіпорындарында түрлі басшылық қызмет атқарған. Энергетика саласында 2015 жылдан бастап істейді.2021 жылғы 31 тамызда "Севказэнерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Севказэнерго" АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды.Еске салсақ, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.Төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.№1 түтін мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Мұржаның күрделі жөндеуі 2017 жылы аяқталды. Нормативтерге сәйкес тексеріс бес жылда бір рет өткізіледі. Келесі жылы мұржа жөндеуге шығарылуға тиіс еді.
https://sputnik.kz/20220322/petropavl-totenshe-zhagday-zheo-direktory-23670769.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/14/23656526_181:0:876:521_1920x0_80_0_0_fcb3c0600e770c754cd1ee6bb067a080.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
Петропавлдағы апат: "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Петропавлда "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"1 сәуірде СҚО ДП қызметкерлері "Севказэнерго" АҚ бас директорын ұстап, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі тергеу ІІМ, прокуратура және полиция басшылығының бақылауында", - деді полициядағылар.
Айта кетері, "Севказэнерго" АҚ бас директоры – 48 жастағы Михаил Косачев. Бұрын Нұр-Сұлтан мен Көкшетау кәсіпорындарында түрлі басшылық қызмет атқарған. Энергетика саласында 2015 жылдан бастап істейді.
2021 жылғы 31 тамызда "Севказэнерго" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен "Севказэнерго" АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды.
Еске салсақ, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.
Төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
№1 түтін мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Мұржаның күрделі жөндеуі 2017 жылы аяқталды. Нормативтерге сәйкес тексеріс бес жылда бір рет өткізіледі. Келесі жылы мұржа жөндеуге шығарылуға тиіс еді.