Петропавлдағы төтенше жағдай: ұсталған ЖЭО директоры туралы не белгілі

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуДым из труб, архивное фото
Дым из труб, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
Петропавл қаласында ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау абақтысына тоғытылды
ПЕТРОПАВЛ, 22 наурыз – Sputnik. Жылу электр орталығының 60 жастағы директоры Ержан Қоңырбаев энергетика саласында көптеп бері істеп жүр. Өз саласының кәсіби маманы болып саналады.
Қоңырбаевтың жалпы еңбек өтілі – 41 жыл. Соның ішінде 32 жыл энергетика саласында жұмыс істеп келеді. Оған "Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі" атағы да берілген.
Еңбек жолын Өскемен жылу электр орталығында қазандыққа жауапты қызметтен бастады. Көлік-отын цехының бастығы, станцияның атқарушы директоры болды. Ал Петропавл ЖЭО-2 директоры қызметіне 2021 жылы 6 мамырда тағайындалды.
ТЭЦ-2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Өңірлер
Петропавл жылу электр орталығындағы апат: директор мен бас инженер ұсталды
Айта кетері, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Апаттан кейін қараушы-машинист жоғалып кетті. Қазіргі кезде 38 жастағы әйелді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның 15 жастағы баласы бар. Күйеуі де ЖЭО-да жұмыс істейді.
ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна. Үйінділерді техникамен емес, әзірше қолмен қопаруға шешім шығарылды.
Апаттан кейін пәтерлерде батареялар суып кетті. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығының тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
0