Петропавл жылу электр орталығындағы апат: директор мен бас инженер ұсталды
© Sputnik / Елена БережнаяТЭЦ-2
© Sputnik / Елена Бережная
Жазылу
38 жастағы машинист әйелді іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Ол қазандықтың құрал-жабдықтарын тексеріп жүрген
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Петропавл қаласында мұржасы құлаған ЖЭС-2 директоры мен бас инженері ұсталды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 254-бабы (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес 21 наурызда Петропавл қаласының "ЖЭС-2" ЖШС директоры мен бас инженері ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді прокурорлар.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция депаратменті мен прокуратураның басшылары тергеуді жеке бақылауға алды. Сондай-ақ жылу электр станциясының жұмысын бақылаған мемлекеттік органдар тексеріліп жатыр. Соның нәтижесінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылады.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оған қоса, кінәлі адам белгілі бір лаузымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылады.
Еске сала кетсек, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Апаттан кейін қараушы-машинист жоғалып кетті. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна.