https://sputnik.kz/20220402/batys-qazaqstan-eki-audan-totenshe-zhagday-23906518.html
Батыс Қазақстанда екі ауданда төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстанда екі ауданда төтенше жағдай жарияланды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды. 02.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-02T09:17+0500
2022-04-02T09:17+0500
2023-08-09T09:47+0500
өңірлер
төтенше жағдай
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/old/1153/85/11538582_0:75:801:525_1920x0_80_0_0_adf7b0566862633e550ba7159f587779.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды.Қос ауданда тасқын қаупі күшейіп барады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 25 үйге зақым келген. Адамдар аман. Ал малдан шығын болды. 30 шақты қой-ешкі өлген. Құтқарушылар 57 адамды жақын жердегі Қоскөл ауылына көшірді. Соның 37-сі бала. Оқушылардың жартысы әзірге сол ауылда, ал қалғаны облыс орталығында білім алады. Сел басқан ауылда ер адамдар қалған. Олар қоражайды қарайды және табиғи апатты ауыздықтауға күш салады.Ал Шыңғырлау ауданында Сегізсай мен Шыңғырлау ауылдарының арасындағы жолды 9 жерден су шайып кетті. Алмаз ауылы маңындағы көпір де опырылып, көлік қатынасы тоқтады.Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тасқынға тосқын шараларын жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккен отбасылардың шығынын арнайы комиссия есептеп, тиісінше мемлекет тарапынан өтемақы беріледі."Ең қауіпті, қиын жағдай Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында қазір. Осы екі күн ішінде үлкен су келіп, үйлердің жартысын су басты. Біз тиісті техникамен көмектесеміз және басқа да қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Алмаз ауылына кіреберіс көпірді су шайып кетті. Яғни сол ауылға еш жақтан, Ақтөбе жолынан да, Шыңғырлау жағынан да жол қатынасы қазір болмай тұр", - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.Ол барлық ауыл азық-түлікпен, басқа да қажетті заттармен қамтылғанын айтты.БҚО ТЖ департаменті елді мекендердегі төтенше жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20220401/aqtobe-su-tasqyny-auyl-23896435.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1153/85/11538582_0:0:799:599_1920x0_80_0_0_b2200fbeb2723a6c7727a84dbf026c14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, батыс қазақстан облысы
төтенше жағдай, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда екі ауданда төтенше жағдай жарияланды
09:17 02.04.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстанда Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды.
Қос ауданда тасқын қаупі күшейіп барады, деп хабарлайды
"Хабар 24" телеарнасы.
Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 25 үйге зақым келген. Адамдар аман. Ал малдан шығын болды. 30 шақты қой-ешкі өлген. Құтқарушылар 57 адамды жақын жердегі Қоскөл ауылына көшірді. Соның 37-сі бала. Оқушылардың жартысы әзірге сол ауылда, ал қалғаны облыс орталығында білім алады. Сел басқан ауылда ер адамдар қалған. Олар қоражайды қарайды және табиғи апатты ауыздықтауға күш салады.
Ал Шыңғырлау ауданында Сегізсай мен Шыңғырлау ауылдарының арасындағы жолды 9 жерден су шайып кетті. Алмаз ауылы маңындағы көпір де опырылып, көлік қатынасы тоқтады.
Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тасқынға тосқын шараларын жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккен отбасылардың шығынын арнайы комиссия есептеп, тиісінше мемлекет тарапынан өтемақы беріледі.
"Ең қауіпті, қиын жағдай Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында қазір. Осы екі күн ішінде үлкен су келіп, үйлердің жартысын су басты. Біз тиісті техникамен көмектесеміз және басқа да қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Алмаз ауылына кіреберіс көпірді су шайып кетті. Яғни сол ауылға еш жақтан, Ақтөбе жолынан да, Шыңғырлау жағынан да жол қатынасы қазір болмай тұр", - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Ол барлық ауыл азық-түлікпен, басқа да қажетті заттармен қамтылғанын айтты.
БҚО ТЖ департаменті елді мекендердегі төтенше жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.