https://sputnik.kz/20220401/aqtobe-su-tasqyny-auyl-23896435.html
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан алты ауыл орталықтан оқшауланып қалды
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан алты ауыл орталықтан оқшауланып қалды
Sputnik Қазақстан
Ауыл тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Су шайып кеткен жолдар мен көпірлер 2-5 шақырым қашықтықта орналасқан 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T14:59+0500
2022-04-01T14:59+0500
2022-04-01T14:59+0500
өңірлер
су тасқыны
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16797956_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_fd188b6254757e04f00ce539198cadae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Өтек ауылына баратын көпірді су шайып кеткені туралы ақпарат тарады."Басқа жол жоқ. Енді ауыл халқы ауданға да, қалаға да бара алмайды", - дейді адамдар.Sputnik Қазақстан тілшісі аудан әкімдігіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрады. Қобда ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марина Кустуртованың айтуынша, ауылдың жанынан Өтек өзені ағып өтеді. Жергілікті кәсіпкерлер көпірді жөндеген. Ал оның астындағы құбыр арқылы еріген қар суы өтеді."Соңғы төрт жылда мұндай су тасқыны болмаған. Қар жылдам ерігеннен кейін көпір астындағы құбыр барлық суды өткізе алмады. Содан 31 наурызда көпірді су шайып кетті", – дейді Кустуртова.Оның айтуынша, бүгін судың деңгейі төмендеді. Бірақ көпірсіз ауылға тек қайықпен ғана жетуге болады. Қазіргі кезде ауылдан шығатын адамдар үшін қайық қызметі ұйымдастырылды.Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өңірде 10 жерде жолды су шайып кеткен. Төртеуі республикалық және облыстық маңызы бар жолдар болса, алтауы – жергілікті жолдар."Жергілікті жолдар әлі жөнделмеген. Соның салдарынан алты елді мекенге өту қиын болып тұр. Олар – Оймауыт, Миялы, Сарбұлак, Өтек, Ақшатал мен Көптоғай. 3 316 адам мен 702 үй орталықтан оқшауланып қалды", – дейді департамент басшысының орынбасары Қайрат Қасым.Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Жолдарды шайып кеткен су тасқыны 2-5 шақырым шалғай жерден өткен.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16797956_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_7ee16e834ed9b799482605c46134fa75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, ақтөбе облысы
су тасқыны, ақтөбе облысы
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан алты ауыл орталықтан оқшауланып қалды
Ауыл тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Су шайып кеткен жолдар мен көпірлер 2-5 шақырым қашықтықта орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Өтек ауылына баратын көпірді су шайып кеткені туралы ақпарат тарады.
"Басқа жол жоқ. Енді ауыл халқы ауданға да, қалаға да бара алмайды", - дейді адамдар.
Sputnik Қазақстан тілшісі аудан әкімдігіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрады. Қобда ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марина Кустуртованың айтуынша, ауылдың жанынан Өтек өзені ағып өтеді. Жергілікті кәсіпкерлер көпірді жөндеген. Ал оның астындағы құбыр арқылы еріген қар суы өтеді.
"Соңғы төрт жылда мұндай су тасқыны болмаған. Қар жылдам ерігеннен кейін көпір астындағы құбыр барлық суды өткізе алмады. Содан 31 наурызда көпірді су шайып кетті", – дейді Кустуртова.
Оның айтуынша, бүгін судың деңгейі төмендеді. Бірақ көпірсіз ауылға тек қайықпен ғана жетуге болады. Қазіргі кезде ауылдан шығатын адамдар үшін қайық қызметі ұйымдастырылды.
"Біз бәрін бақылауда ұстап отырмыз. Жаңа ғана облыстық штабтың отырысы өтті. Вахтамен жұмыс істейтін адамдар болса, аудан орталығына дейін жеткіземіз. Көпірді жазда қалпына келтіреміз. Оған дейін ауылдың ішімен жүруге тура келеді. Онымен респубикалық жолға шығуға болады", – деп атап өтті әкімнің міндетін атқарушы.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өңірде 10 жерде жолды су шайып кеткен. Төртеуі республикалық және облыстық маңызы бар жолдар болса, алтауы – жергілікті жолдар.
"Жергілікті жолдар әлі жөнделмеген. Соның салдарынан алты елді мекенге өту қиын болып тұр. Олар – Оймауыт, Миялы, Сарбұлак, Өтек, Ақшатал мен Көптоғай. 3 316 адам мен 702 үй орталықтан оқшауланып қалды", – дейді департамент басшысының орынбасары Қайрат Қасым.
Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Жолдарды шайып кеткен су тасқыны 2-5 шақырым шалғай жерден өткен.