Өңірлер

Алматы облысында теміржол маңынан қару-жарақ табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинОқ
Оқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2022
Жазылу
Қару-жарақ теміржол маңындағы қараусыз қалған ғимараттан табылды
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Алматы облысында көлік полицейлері теміржол маңынан қару-жарақ жасырылған қойма тапты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаменті хабарлады.
" Алматы-1 стансасындағы көлік полициясының қызметкерлері Шамалган – Жыңғылды өткелінде жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қараусыз қалған ғимараттан, темір жолдан бес метр жерде 12 калибрлі "Форд 500" маркалы тегіс ұңғылы қару, 60 оқ-дәрі, бронежилет пен "Хиотей" маркалы радиостанция тапты", - деді ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.
Қару мен оқ-дәрі көрпеге оралып, үстіне қоқыс пен құм төгілген.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы (Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір күдікті адамдар іздестірілуде. Тәркіленген заттай айғақтар сараптамаға жолданды.
Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі ұры ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Қаңтар оқиғасы
Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі ұры ұсталды
Жаңалықтар
0