Нұр-Сұлтанның бірқатар ауданында нөсер канализациясы қарастырылмаған – министр

© Sputnik / Владислав Воднев Нұр-Сұлтан келбеті, шалшық
 Нұр-Сұлтан келбеті, шалшық - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрі елордада нөсер канализациясының жұмысы тиімсіз екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтандағы нөсер канализациясына қатысты проблемалық мәселеге пікір білдірді.
Ол елордада жауған жауын-шашынға нөсер канализациясы төтеп бере алмайтын кездер болатынын мойындады.
"Мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ретінде нөсер канализациясы мол жауын-шашынға төтеп бере алмайды деген сөзбен келісемін. Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, әкімдік нөсер кәріздерінің санын ұлғайту үшін шаралар қабылдауда, бірқатар ауданда, соның ішінде жаңа құрылыс салынып жатқан аумақта бұл мәселе жоспарланбаған және жобаланбаған", - деді Ильин брифингте.
Бұл сұрақты архитекторлар мен жобалаушыларға қою керек, деп есептейді министр. Олар құрылыс басталғанға дейін нөсер канализациясын қарастыруға тиіс.
"Есіл өзенінің қаладан шығатын жеріндегі – айналма жолдың бойындағы ағысына қарасаңыз, өзен арнасын тереңдету және кеңейту, бөгет орнату бойынша қыруар жұмыс атқарылғанын көресіз, бұл жерүсті ағынды суларын реттеуге мүмкіндік береді", - деді ТЖМ басшысы.
Сонымен қатар Астана (Вячеслав) бөгені жарылған жағдайда Нұр-Сұлтанды қорғау үшін суды Нұра өзеніне ағызу мәселесі қаралып жатыр. Қазір жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Ливень в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2020
Қоғам
Нөсер жауыннан кейін Нұр-Сұлтан көшелері тағы да су астында қалды – видео
Жаңалықтар
0