https://sputnik.kz/20220331/dzhozef-bayden-dau-23892810.html
Джозеф Байденнің ұлына қатысты дау шықты
Джозеф Байденнің ұлына қатысты дау шықты
Sputnik Қазақстан
АҚШ-та президенттің ұлы Хантер Байденге қарсы салық тергеуі ушығып жатыр. Кіші Байден Burisma украин газ компаниясынан ақша алды деген күдікке ілінді. 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T15:33+0500
2022-03-31T15:33+0500
2022-04-01T12:58+0500
әлем
ақш
ақш президенті
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0e/17336887_0:133:3168:1915_1920x0_80_0_0_7e5a378cdf3200473da7cc44acd05d2e.jpg
2024 жылғы сайлау науқанына қатысуға дайындалып жатқан Дональд Трамп осы іске назар аудартты, деп жазды РИА Новости. "Делавэрдегі АҚШ прокуратурасының қызметкерлері Хантер Байден Burisma Holdings Ltd украин газ компаниясынан алған табысы туралы қосымша ақпаратты сұратты", - деп хабарлайды The Wall Street Journal газеті. Америкалық көшбасшының ұлымен серіктес болғандардың бірінен жауап алынды. Хантердің 2018 жылғы психикалық ахуалы, шығындары мен зиянды әдеттері туралы сұрақ қойылды. Хантер Байденнің Украинадағы биозертханаларды қаржыландыруға қатысы бар екенін дәлелдейтін басқа да деректер анықталды. Daily Mail британ газеті ол Metabiota медициналық компаниясына адам өлтіретін патогендерді зерттеу үшін америкалық үкіметпен келісімшарт жасауға көмектескенін растайтын электронды хаттарды ұсынды. Құжаттарда бұл фирма Black & Veatch Пентагон мердігеріне қызмет көрсеткені жазылған. Материалға сәйкес, дәл осы мекеме Украинада "ауа арқылы жұғатын және өлімге әкелетін инфекциялар тудыратын инфекциялық агенттер немесе токсиндерді зерттеуге арналған" биозертхана салған. Кіш Байден Metabiota компаниясын Burisma Holdings украин энергетикалық компаниясымен байланыстырғаны хабарланды. Олар бірлесіп ғылыми жоба құрып, оған Украинадағы биоқорғанысы жоғары деңгейдегі биозертханаларды тартқан. Хантер Байденнің салық істерін Делавэр прокуратурасы оның әкесінің сайлауалды науқаны қарқынына енген шақта тексеруді бастаған. Хантер "барлық істі заңды және тиісті үлгіде жүргізгенін" мәлімдеген. Әйткенмен ол ата-анасына аз қиындық тудырған жоқ. Себебі алкоголь және есірткімен проблема болған, дауға ұласқан ажырасу, қатерлі ісіктен көз жұмған бауырының жесірімен байланысқа түскен. Бірақ Хантер Байденнің жеке өмірін талқыламағанмен, Burisma украин компаниясына қатысты даулы іс медиада бірден тарап кетті. Хантер 2014-2019 жылдар аралығында Burisma директорлар кеңесінде болған. Сол кезде вице-президент қызметінде болған Джозеф Байден америкалық саясаттың украин бағытын қалыптастыруға жауапты болды. 2017 жылы Хантердің іскерлік серіктесі, сол кезде кіші Байден құрған Rosemont Seneca Partners компаниясының президенті Эрик Швериннің хаты БАҚ қолына түсті. Шверин Хантерге жазған хатында оның 2014 жылы Burisma компаниясындағы жұмысы үшін алған 400 мың долларды салық декларациясында көрсетпегенін хабарлап, мұны түзетуді ұсынған. "Тергеушілер Хантердің қытай компанияларымен ынтымақтастығын да назарға алды. Олар ақша жымқыру және салық қылмысына қатысты күдікке ілінген. Федералды тергеу қызметі, АҚШ Ішкі кіріс қызметінің қылмыстық бөлім қызметкерлері осы істермен айналысқан. Сонымен қатар қытай миллиардері маңызды адамдармен байланыстырғаны үшін президент ұлына жылына он миллион доллар төлегенін растайтын хат та желіде тарады", - деп жазды РИА Новости. Burisma ісі 2020 жылғы презент сайлауында ықпалды рөл ойнады. Трамп Байденді өз ұлының мүддесі үшін Вашингтонның Украина бағытын алға тартты деп айыптады. Ал Джозей Байден бұл жағдайды өз пайдасына жаратты. Демократтар Трампты бәсекелесіне кінә артуға себеп іздеп отыр деп айыптады. Burisma компаниясына қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалғанымен, ол аяғына дейін жеткізілмеді. Трамп америкалық медиағы Хантер ісін жете жарияламағанына наразы болды. Әйтсе де бұл мәселе қайтадан "қалқып" шықты. "Трамп республикашылдарға тиімді болғандықтан, осы мәселені қайта қозғап отыр. Ол негативті пиарды ұнатады. Республикашылдар Байденді елі түгілі, өз отбасын бақылай алмай отыр, Ресеймен байланысы бар деп айыптайды", - дейді.Примаков атындағы РҒА Әлем экономикасы және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институтының Солтүстікамерикалық зерттеулер орталығының кіші ғылыми қызметкері Анастасия Бунина. Ал орталық басшысы Виктория Журавлева Хантер Байден ісінің қайта ушығуы 2024 жылғы президент сайлауына алдын ала дайындық болуы мүмкін деп санайды. "Дональд Трамп қайта сайлануды көздеп отыр. Осы мақсатта қазіргі ахуалды тиімді пайдаланғысы келеді. Украинаға әлем назары ауып отыр және Байден рейтингі төмендеді. Бұл дауыс берушілердің қолдауын алуға таптырмас мүмкіндік", - дейді саясаттанушы. Бірақ Журавлер бұл жағдай күздегі конгресс сайлауында демократтарға аса кедергі бола қоймайтынын айтты. Билік бұл істің сотта қаралуын көздегенмен, кіші Байденге қатысты айып тағылуы екіталай, деп жазды РИА Новости.
https://sputnik.kz/20220224/bayden-ukraina-aqsh-khalqyna-undeu-zhasaydy-23044871.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0e/17336887_220:0:2949:2047_1920x0_80_0_0_7738ca70e6b767a33c52f9c379f5fd9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, ақш президенті
Джозеф Байденнің ұлына қатысты дау шықты
15:33 31.03.2022 (жаңартылды: 12:58 01.04.2022) АҚШ-та президенттің ұлы Хантер Байденге қарсы салық тергеуі ушығып жатыр. Кіші Байден Burisma украин газ компаниясынан ақша алды деген күдікке ілінді.
2024 жылғы сайлау науқанына қатысуға дайындалып жатқан Дональд Трамп осы іске назар аудартты, деп жазды РИА Новости.
"Делавэрдегі АҚШ прокуратурасының қызметкерлері Хантер Байден Burisma Holdings Ltd украин газ компаниясынан алған табысы туралы қосымша ақпаратты сұратты", - деп хабарлайды The Wall Street Journal газеті.
Америкалық көшбасшының ұлымен серіктес болғандардың бірінен жауап алынды. Хантердің 2018 жылғы психикалық ахуалы, шығындары мен зиянды әдеттері туралы сұрақ қойылды.
"Прокурорлар Хантер Украина, Қытай, Қазақстан және басқа да елдегі іскерлік қарым-қатынаста шетелдік үкімет мүддесінде қамқорлық қызметін реттейтін заңдар мен салық заңын бұзған-бұзбағанын тексеріп жатыр", - деп жазды басылым.
Хантер Байденнің Украинадағы биозертханаларды қаржыландыруға қатысы бар екенін дәлелдейтін басқа да деректер анықталды. Daily Mail британ газеті ол Metabiota медициналық компаниясына адам өлтіретін патогендерді зерттеу үшін америкалық үкіметпен келісімшарт жасауға көмектескенін растайтын электронды хаттарды ұсынды.
Құжаттарда бұл фирма Black & Veatch Пентагон мердігеріне қызмет көрсеткені жазылған. Материалға сәйкес, дәл осы мекеме Украинада "ауа арқылы жұғатын және өлімге әкелетін инфекциялар тудыратын инфекциялық агенттер немесе токсиндерді зерттеуге арналған" биозертхана салған. Кіш Байден Metabiota компаниясын Burisma Holdings украин энергетикалық компаниясымен байланыстырғаны хабарланды. Олар бірлесіп ғылыми жоба құрып, оған Украинадағы биоқорғанысы жоғары деңгейдегі биозертханаларды тартқан.
Хантер Байденнің салық істерін Делавэр прокуратурасы оның әкесінің сайлауалды науқаны қарқынына енген шақта тексеруді бастаған. Хантер "барлық істі заңды және тиісті үлгіде жүргізгенін" мәлімдеген. Әйткенмен ол ата-анасына аз қиындық тудырған жоқ. Себебі алкоголь және есірткімен проблема болған, дауға ұласқан ажырасу, қатерлі ісіктен көз жұмған бауырының жесірімен байланысқа түскен.
Бірақ Хантер Байденнің жеке өмірін талқыламағанмен, Burisma украин компаниясына қатысты даулы іс медиада бірден тарап кетті. Хантер 2014-2019 жылдар аралығында Burisma директорлар кеңесінде болған. Сол кезде вице-президент қызметінде болған Джозеф Байден америкалық саясаттың украин бағытын қалыптастыруға жауапты болды.
2017 жылы Хантердің іскерлік серіктесі, сол кезде кіші Байден құрған Rosemont Seneca Partners компаниясының президенті Эрик Швериннің хаты БАҚ қолына түсті. Шверин Хантерге жазған хатында оның 2014 жылы Burisma компаниясындағы жұмысы үшін алған 400 мың долларды салық декларациясында көрсетпегенін хабарлап, мұны түзетуді ұсынған.
"Тергеушілер Хантердің қытай компанияларымен ынтымақтастығын да назарға алды. Олар ақша жымқыру және салық қылмысына қатысты күдікке ілінген. Федералды тергеу қызметі, АҚШ Ішкі кіріс қызметінің қылмыстық бөлім қызметкерлері осы істермен айналысқан. Сонымен қатар қытай миллиардері маңызды адамдармен байланыстырғаны үшін президент ұлына жылына он миллион доллар төлегенін растайтын хат та желіде тарады", - деп жазды РИА Новости.
Burisma ісі 2020 жылғы презент сайлауында ықпалды рөл ойнады. Трамп Байденді өз ұлының мүддесі үшін Вашингтонның Украина бағытын алға тартты деп айыптады. Ал Джозей Байден бұл жағдайды өз пайдасына жаратты. Демократтар Трампты бәсекелесіне кінә артуға себеп іздеп отыр деп айыптады.
Burisma компаниясына қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалғанымен, ол аяғына дейін жеткізілмеді. Трамп америкалық медиағы Хантер ісін жете жарияламағанына наразы болды. Әйтсе де бұл мәселе қайтадан "қалқып" шықты.
"Трамп республикашылдарға тиімді болғандықтан, осы мәселені қайта қозғап отыр. Ол негативті пиарды ұнатады. Республикашылдар Байденді елі түгілі, өз отбасын бақылай алмай отыр, Ресеймен байланысы бар деп айыптайды", - дейді.
Примаков атындағы РҒА Әлем экономикасы және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институтының Солтүстікамерикалық зерттеулер орталығының кіші ғылыми қызметкері Анастасия Бунина.
Ал орталық басшысы Виктория Журавлева Хантер Байден ісінің қайта ушығуы 2024 жылғы президент сайлауына алдын ала дайындық болуы мүмкін деп санайды.
"Дональд Трамп қайта сайлануды көздеп отыр. Осы мақсатта қазіргі ахуалды тиімді пайдаланғысы келеді. Украинаға әлем назары ауып отыр және Байден рейтингі төмендеді. Бұл дауыс берушілердің қолдауын алуға таптырмас мүмкіндік", - дейді саясаттанушы.
Бірақ Журавлер бұл жағдай күздегі конгресс сайлауында демократтарға аса кедергі бола қоймайтынын айтты. Билік бұл істің сотта қаралуын көздегенмен, кіші Байденге қатысты айып тағылуы екіталай, деп жазды РИА Новости.