https://sputnik.kz/20220224/bayden-ukraina-aqsh-khalqyna-undeu-zhasaydy-23044871.html
Байден Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ халқына үндеу жасайды
Байден Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ халқына үндеу жасайды
Sputnik Қазақстан
АҚШ президенті НАТО-дағы одақтастарымен өз әрекеттерін үйлестіруге уәде берді 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T09:14+0500
2022-02-24T09:14+0500
2022-03-01T14:48+0500
ақш
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17354512_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_7a7f9269a93682b08e2bca55ec1bbfc9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде Украинадағы жағдайға қатысты одан әрі жасалатын қадамдарды жариялады.Бұл мәлімдемені Ақ үй Ресей президенті Владимир Путин Донбаста әскери операция басталғанын жариялағаннан кейін таратты. АҚШ президенті "Ресейдің альянсқа қарсы кез келген агрессиясына тосқауыл бола алатын бірлескен жауап қайтару үшін" өз іс-қимылын Вашингтонның НАТО бойынша одақтастарымен үйлестіретінін айтты, деп жазды РИА Новости. "Әлем Ресейден жауап алады", - деді ол. АҚШ президенті Джо Байден Украинаға "ақтауға келмейтін" шабуыл жасалғанын мәлімдеді.Еске сала кетері, Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.Путин Украинаны оккупациялау Ресейдің жоспарларына кірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Украинаны демилитаризациялауға тырысады.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17354512_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_9c313f7458bda569aa14bb4f7054df2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Байден Украинадағы жағдайға байланысты АҚШ халқына үндеу жасайды
09:14 24.02.2022 (жаңартылды: 14:48 01.03.2022) АҚШ президенті НАТО-дағы одақтастарымен өз әрекеттерін үйлестіруге уәде берді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден бейсенбіде Украинадағы жағдайға қатысты одан әрі жасалатын қадамдарды жариялады.
"Ертең G7 бойынша әріптестеріммен кездесу өткіземін. Содан кейін АҚШ пен біздің одақтастарымыз Ресейге қатысты қолданатын шаралар туралы Америка халқына үндеу жолдаймын. Ресей Украинаға, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы негізсіз агрессиясы танытып отыр", - деп жазылған Байден мәлімдемесінде.
Бұл мәлімдемені Ақ үй Ресей президенті Владимир Путин Донбаста әскери операция басталғанын жариялағаннан кейін таратты. АҚШ президенті "Ресейдің альянсқа қарсы кез келген агрессиясына тосқауыл бола алатын бірлескен жауап қайтару үшін" өз іс-қимылын Вашингтонның НАТО бойынша одақтастарымен үйлестіретінін айтты, деп жазды РИА Новости.
"Әлем Ресейден жауап алады", - деді ол.
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға "ақтауға келмейтін" шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Еске сала кетері, Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Путин Украинаны оккупациялау Ресейдің жоспарларына кірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Украинаны демилитаризациялауға тырысады.