https://sputnik.kz/20220330/qazaqstan-zhumys-reseylikter-23838435.html
Қазақстанға жұмыс іздеп келген ресейліктер көп пе – вице-министр жауап берді
Қазақстанға жұмыс іздеп келген ресейліктер көп пе – вице-министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда қазір 101 мыңнан астам Ресей азаматы жүр 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T10:45+0500
2022-03-30T10:45+0500
2023-08-09T09:45+0500
қоғам
ресейлік
жұмыс
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/08/18358062_0:90:3323:1959_1920x0_80_0_0_4c01a7fd272186e67fe144ce7a49697b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов "ресейліктердің жаппай Қазақстанға жұмысқа келіп жатқанына" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, шетел мамандарының келгенінен қорықпау қажет. Себебі ондай үрдістің тиімді тұсы да бар."Мықты мамандар келеді ғой, ірі IT-компаниялар бар. Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен кездесу де өтті. Мәселен, InDriver де келіп, Қазақстанда өз кеңсесін ашып жатыр. Бұның барлығы – білім мен құзіреттің импорты. Одан неге қорқамыз? Ондайда қазақстандықтар көп нәрсеге үйрене алады", - деп атап көрсетті Біржанов.Вице-министр ірі компаниялар келсе, бюджетке де ақша түсетінін еске салды."Дегенмен, біз Қазақстанға кімнің және не үшін келіп жатқанын бақылап отырамыз", - деді Біржанов.
https://sputnik.kz/20220311/qazaqstan-kelimsekter-zhumys-23448285.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/08/18358062_297:0:3026:2047_1920x0_80_0_0_a4ea3ce5e7a698033c548af2db696fd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресейлік, жұмыс, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ресейлік, жұмыс, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстанға жұмыс іздеп келген ресейліктер көп пе – вице-министр жауап берді
10:45 30.03.2022 (жаңартылды: 09:45 09.08.2023) Қазақстанда қазір 101 мыңнан астам Ресей азаматы жүр
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов "ресейліктердің жаппай Қазақстанға жұмысқа келіп жатқанына" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз ішкі істер министрлігімен бірге көрші елдерден келетіндердің санын үнемі бақылап отырамыз. Таңертеңгі мәліметке сәйкес, Қазақстанда 101 мыңнан астам Ресей азаматы жүр. Олардың ішінде жыл басынан бері 6 350 адам жұмыс бабымен келген. Былтыр бір жылдың ішінде осы санаттағы ресейліктердің саны 18 800 адам болған. Бұл дегеніміз, әзірше, ресейліктер жаппай Қазақстанға жұмысқа келіп жатқан жоқ", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, шетел мамандарының келгенінен қорықпау қажет. Себебі ондай үрдістің тиімді тұсы да бар.
"Мықты мамандар келеді ғой, ірі IT-компаниялар бар. Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен кездесу де өтті. Мәселен, InDriver де келіп, Қазақстанда өз кеңсесін ашып жатыр. Бұның барлығы – білім мен құзіреттің импорты. Одан неге қорқамыз? Ондайда қазақстандықтар көп нәрсеге үйрене алады", - деп атап көрсетті Біржанов.
Вице-министр ірі компаниялар келсе, бюджетке де ақша түсетінін еске салды.
"Дегенмен, біз Қазақстанға кімнің және не үшін келіп жатқанын бақылап отырамыз", - деді Біржанов.