https://sputnik.kz/20220311/qazaqstan-kelimsekter-zhumys-23448285.html
Қазақстанда уақытша тұратын келімсектер елде рұқсатсыз жұмыс істей алмайды
Қазақстанда уақытша тұратын келімсектер елде рұқсатсыз жұмыс істей алмайды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан үкіметі иммигранттардың келу және тұру ережелеріне осындай өзгертулер енгізді. Қаулы 2022 жылдың 21 наурызында күшіне енеді 11.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-11T13:16+0500
2022-03-11T13:16+0500
2022-03-11T13:16+0500
қазақстан
жұмыс
https://sputnik.kz/img/657/18/6571882_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_cf5da4b336e3355c235746df6735d664.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Егер республиканың заңнамасында басқа ереже көзделмесе, онда Қазақстан аумағына уақытша келген иммигранттар жергілікті атқарушы орган беруі қажет тиісті рұқсатсыз жұмыс істей алмайды.Қаулыда көрсетілгендей, республикада уақытша тұратын иммигранттарды еңбекке жұмылдыру және шетелдік жұмыс күшін тарту халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі құзырлы орган белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.Иммигранттарды ішкі істер органдары уақытша тұратын мекенжайына тіркейді. "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі, "Бүркіт" БАЖ виза-миграция порталы, "e-Qonaq" ақпарат жүйесі және ішкі істер министрлігінің ақпарат жүйесі арқылы мәлімет алынады.Қазақстанға визамен келген шетелдіктер мемлекеттік шекарадан өткен кезде шақырушы тараптың шақыру қағазын рәсімдеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде тіркеледі.Иммигранттарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен "Бүркіт" БАЖ виза-миграция порталына ақпарат енгізеді немесе көші-қон қызметінің бөлімшелеріне тікелей өтініш жолдаған кезде хабарлама ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келгені туралы хабарлама "e-Qonag" ақпараттық жүйесін пайдаланушылар осы жүйе көмегімен eqonaq.kz сайты арқылы да жолдануы мүмкін.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/657/18/6571882_9:0:1342:1000_1920x0_80_0_0_b12142180bea14d62a4952a570d1e229.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жұмыс
Қазақстанда уақытша тұратын келімсектер елде рұқсатсыз жұмыс істей алмайды
Қазақстан үкіметі иммигранттардың келу және тұру ережелеріне осындай өзгертулер енгізді. Қаулы 2022 жылдың 21 наурызында күшіне енеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз — Sputnik. Егер республиканың заңнамасында басқа ереже көзделмесе, онда Қазақстан аумағына уақытша келген иммигранттар жергілікті атқарушы орган беруі қажет тиісті рұқсатсыз жұмыс істей алмайды.
Қаулыда көрсетілгендей, республикада уақытша тұратын иммигранттарды еңбекке жұмылдыру және шетелдік жұмыс күшін тарту халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі құзырлы орган белгілеген квота шегінде жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
Иммигранттарды ішкі істер органдары уақытша тұратын мекенжайына тіркейді. "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі, "Бүркіт" БАЖ виза-миграция порталы, "e-Qonaq" ақпарат жүйесі және ішкі істер министрлігінің ақпарат жүйесі арқылы мәлімет алынады.
Қазақстанға визамен келген шетелдіктер мемлекеттік шекарадан өткен кезде шақырушы тараптың шақыру қағазын рәсімдеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде тіркеледі.
Иммигранттарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен "Бүркіт" БАЖ виза-миграция порталына ақпарат енгізеді немесе көші-қон қызметінің бөлімшелеріне тікелей өтініш жолдаған кезде хабарлама ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келгені туралы хабарлама "e-Qonag" ақпараттық жүйесін пайдаланушылар осы жүйе көмегімен eqonaq.kz сайты арқылы да жолдануы мүмкін.