Елорда тынысы

Нұр-Сұлтаннан шығатын жолдар ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтанға кіреберістегі блокбекет
Нұр-Сұлтанға кіреберістегі блокбекет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
Қала және қала маңындағы учаскелерде 160 адам, оның ішінде 52 бала құтқарылды
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті астанадан шығатын жолдардың ашылғанын хабарлады.
"30 наурыз күні таңғы сағат 8.00-ден бастап ауа райының тұрақталуына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттары бойынша көлік қозғалысы ашылды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, қазір Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.
Кеше Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.
Бір тәулікте 372 адам эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Ауа райы бұзылды: алты адам зардап шекті, оның ішінде үш бала бар
Жаңалықтар
0