Ауа райы бұзылды: алты адам зардап шекті, оның ішінде үш бала бар

© PhotoБір тәулікте 372 адам эвакуацияланды
Бір тәулікте 372 адам эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Бір тәулікте құтқарушылар Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 баланы эвакуациялады. Авариялық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай министрлігі, ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 техника жұмылдырылды.
© PhotoОперативный штаб МЧС: за сутки спасено и эвакуировано 372 человек, из них 312 детей
Оперативный штаб МЧС: за сутки спасено и эвакуировано 372 человек, из них 312 детей - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Оперативный штаб МЧС: за сутки спасено и эвакуировано 372 человек, из них 312 детей
Төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс істейді. Азаматтар төтенше жағдай болғанда 112 нөміріне хабарласа алады.
© PhotoБір тәулікте 372 адам эвакуацияланды
Бір тәулікте 372 адам эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Бір тәулікте 372 адам эвакуацияланды
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 30 наурызда еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды. Осы өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Айта кетері, қазір Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.
Кеше Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.
Жаңалықтар
0