Франция Еуропадағы дағдарысты реттеуге тырысып жатыр

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Эммануэль Макрон
 Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
Франция мен Ресей президенттерінің күні кеше телефон арқылы сөйлесуін Путиннің Украинадағы геосаяси дағдарыста шынайылықта қандай жағдай қалыптасқаны туралы Еуропаға тағы да ақпарат жеткізуге әрекеттенуі деп сипаттауға болады, деп жазды РИА Новости.
Еуропа халқы бұл мәселедегі Ресей ұстанымын баяу болса да, ұғына бастаған сыңайлы. Ықпалды IFOP агенттігі жүргізген соңғы әлеуметтік сауалнамада Франция халқының жартысынан көбі арнайы операцияны өткізу кезінде Ресей алға тартқан жоқ дегенде бір негіздемеге сенетінін көрсеткен.
Бүгінгі күні еуропалық қоғамда сенім мәселесі ең өзекті тақырыптың біріне айналды. Осы орайда бірқатар сарапшылардың өткір пікірі де айғақ болып отыр. Мысалы, бұрын кадрлық барлау және Таяу Шығыс бойынша маман қызметін атқарған, ал қазір беделді саясаттанушыға айналған Эрик Дэнэстен жалпыеуропалық қауіпсіздіктегі бүгінгі дағдарысты сипаттауды сұрағанда, ол еш іркілместен "Зеленский үкіметі қазіргі жағдайды өз қолымен жасағанын" және мұны мойындайтын кез келгенін айтты. "Біз тек біржақты пікірді тыңдап, біржақты көзқарасты ғана қабылдап отырмыз", - деп түйіндеді маман.
"Дэнэсенің сөздері мұндай ашық ойды білдіретін пікірлердің алғашқысы да, соңғысы да емес. Егер еуропалық медиа өз аудиториясының сенімін жоғалтқысы келмесе, онда көрермендер мен оқырмандарға барлық жағдайда тек ақ пен қараға жіктеп жариялауды доғаруы керек", - деп жазды РИА Новости.
Мұны алдымен журналистер емес, саясаткерлерді сезінді. Байден Польша мен Елисей сарайына сапары кезінде ресейлік президентті балағаттағаннан кейін неміс федералдық канцлерінің кеңсесі Ақ үй иесінің ойы және ұстанымымен келіспейтінін жария етті.
Президент Франции Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Саясат
Макрон Тоқаевқа қоңырау соқты
Геосаяси дағдарысқа жауаптылар туралы жазған баспасөз құралдары оған не алып келгенін де сөз етуге мәжбүр. Ал фактілерді бұрмалау мүмкін емес. Мысалы, Францияның Минск келісімін даярлау және оған қол қою процесіндегі делдалдығы туралы тарихты еске түсірген БАҚ Париждегі ресми тұлғалар үшін Қырым мәселесі 2018 жылы "жабылғанын" да атап өтті.
Бірқатар БАҚ жартылай түбекті "Ресей аннексиялаған" деп атауды әлі жалғастырып жатыр. Бірақ бұл медианың көзқарасы. Ал сол шешім қандай саяси негізде қабылданғаны туралы ақиқат мүлде басқа.
Бүгінде еуропалық саясаткерлер қанша қуатты болса да, құрлықтың тарихын да, оның географиясын да өзгерте алмайтынын жете түсінген секілді. Олар бастапқыда өздері енгізген снкциялар Еурпаға ешқандай залал келтірмейді десе, бүгінде шектеулердің салдарын сезініп отыр.
Бір ай бұрын олар тоқырау ықтималдылығы туралы үстірт айтса, кейіннен стагфляция жайлы ашық ескертті. Бұл жұмыссыздық пен ақшаның құнсыздануына алып келетін экономикалық құлдыраумен сипатталады. Ал қазір құрлық экономикасы бақылауға және реттеуге келмейтіндей деңгейде "опырылуы" мүмкін екенін айтып жатыр. Сонымен қатар дағдарыс ауқымы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа басынан өткізген дағдарыспен тең түсуі мүмкін деген де болжам бар.
Франция президенті Макрон осының барлығын біліп отыр. Жаппай көтерілістер мен "сари көкірекше" қозғалысынан кейін, пандемия мен локдаундардың экономикаға кері салдарынан кейін француз президенттің бұл жағдай саясаткер ретінде өз беделіне орасан зор нұқсан келтіретінін түсінбеуі мүмкін емес.
Владимир Путин пен Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Әлем
Ресей мен Франция президенттері бейресми кездесу өткізді
"Макрон да, неміс канцлері де Еуроодақтың бюджет саясаты ыдырай бастағанын және күшіне енген санкциялар еуроаймақтаңы елдердің қаржы жағдайын нашарлатпаса, жақсартпайтынын анық ұғынып отыр. Франция билігі энергия тасымалдағыштарының бағасы өспей-ақ өз халқы кедейленіп жатқанын, ал халықта ақша болмаса, ол экономикаға кері әсер ететінін біліп отыр. Себебі Еуропа экономикасының негізінде өндіріс емес, тұтыну жатыр", - дейді мақала авторы.
Уақыт өткен сайын тереңдеп жатқан проблеманы құрлықтық Еуропа өз бетінше шешуге мәжбүр болады. Өйткені агнлосаксондардан күтер үміт жоқ. Еуропа экономикалық дағдарыс пен энергия тасымалдағыштарының бағасын тұрақтандыру бойынша Мәскеумен ынтымақтастықты берік ұстанбайынша, еш нәтиже қол жеткізбейтінін де ұғынуы қажет.
Жаңалықтар
0