Әлем

Ресей мен Франция президенттері бейресми кездесу өткізді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуВладимир Путин пен Эммануэль Макрон
Владимир Путин пен Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Іссапар бағдарламасына сәйкес, келесі күні Эммануэль Макрон Киевке баруы қажет. Украинада "Майдан батырларының" монументіне бару, Владимир Зеленскиймен кездесу жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин француз көшбасшысы Эммануэль Макронды қабылдады. Француз БАҚ хабарлауынша, екі президенттің келіссөзі күні бойына созылады және ресми кездесуден кейін әдеттегідей баспасөз конференциясы өтеді жоспарланып отыр. Бұл саяси шара туралы толығырақ РИА Новости жазды.
Жалпы бұл кездесу мемлекеттік емес және бейресми сапар екені айтылды. Ресейлік БАҚ-тағы мақала авторының пікірінше, бүгінде біріккен Еуропа кеңістігінде Макронның сөзінің салмағы бар болғандықтан, Владимир Путин Елисей сарайының иесімен бетпе-бет кездесуді жөн көрді.
"Француз президентін еуробюрократ қызметі бар фон дер Ляйен немесе "халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкіл" саналатын Боррельмен немесе соңғы уақытта басы жиі дауға қалып, өз еркімен қызметтен кетудің аз-ақ алдында тұрған премьер-министр Борис Джонсонмен салыстырсақ, Путин үшін өзекті мәселелерді диалог арқылы талқылауда Макрон ең тиімді серіктес болып отыр", - деп жазылған материалда.
флаг Франции - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Әлем
Франция НАТО-дан шығуы мүмкін бе
Жалпы бұған дейін француз президенті Ресей саясаты туралы қатаң пікір білдіріп, өткір мәлімдеме жасағанымен, кездесуде дипломатия тілінен ауытқымауға тырысты.
Материалда мұның барлығы Макронның серіктес ретінде жағымды тұстарын айқындаса, осыған кереғар әрекеті де жоқ емес екені жазылған. Бір күн бұрын жарияланған сұхбатта француз көшбасшысы мынадай мәлімдеме жасады:
"Біз Украина мен Ресейді, Беларусь пен Ресейді бөліп тұрған шекарада милитаризация қалай жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Ол үшін жаяу әскер мен авиация қолданылып жатқанын және әскери оқу-жаттығулар жүріп жатқанының да куәсіміз. Бұл жағдайда біз сақтандырушы рөлін атқарып, диалог арқылы шиеленісті бәсеңдетуге және әскери қақтығысты болдырмауды көздеп отырмыз".
Сұхбаттың мән беруге тұрарлық екінші тұсы: Макронның пікірінше, 2008 жылы Грузия әскери арандатушылық жасаған жоқ, Ресей осы елге қатысты агрессия қолданған, ал 2014 жылы референдум арқылы өз тағдырын шешкен Қырым емес, оны Ресей әскери күш қолдану арқылы өзіне қосып алды.
РИА Новости жазғандай, француз президентінің арнайы елшісі Пьер Вимон Ресейге қатысты осы тектес айыптауларын бұған дейін ашық мәлімдеген. Қазіргі ахуалдан-ақ бүгінгі кездесу қандай қарқында өтетіні және онда не талқыланатынын болжап білуге болады.
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Әлем
Ресей мен Батыс келіссөзі: НАТО-ның мақсаты қандай
Мақала авторының ойынша, Макрон Еуропаның бас бағдарынан ауытқымауға тырысатыны белгілі. Сонымен қатар Макрон ымыраға келу жолдарын іздеуде асқан табандылық танытса, онда оның бұл әрекетін Парижде, Еуроодақта және Брюссельде "Путинге қатысты әлсіздік танытты" деп айыптауы ықтимал екені жазылған.
Соңғы бірнеше апта бойы Макронның іс-әрекетін мақұлдау рейтингі төмендеп, француз президентінің танымалдылық деңгейі бір аптада бірнеше проценттік тармаққа төмен түсті. Іссапар бағдарламасына сәйкес, келесі күні Эммануэль Макрон Киевке баруы қажет. Украина елінде осы шара аясында "Майдан батырларының" монументіне бару, Владимир Зеленскиймен кездесу жоспарланып отыр.
РИА Новостиде жарық көрген материалда "Макрон, ең алдымен, Ресей көшбасшысымен кездесетініне украиналықтар ыңғайсызданған болса керек, ол сұхбат барысында "Украина – бұл Еуропа" деген ойын тым жиі айтты" деп жазылған.

"Мәскеуде екі көшбасшының бейресми кездесуі олардың әрқайсысы бүгін әлемде қалыптасқан дағдарыс пен шиеленістен шаршағанын аңғартуы мүмкін. Себебі Путинге де, Макронға да қазіргі ахуалды әскери қақтығыс деңгейіне дейін жеткізу мүлде қажет емес", - деп жазылған.

Мақала авторы қалыптасқан жағдайға байланысты Путин мен Макронның бірлескен саяси ұстанымы геосаяси ахуалды басқа бағытқа бұруда шешуші рөл атқаруы мүмкін екенін атап көрсеткен.
Жаңалықтар
0