https://sputnik.kz/20220329/qara-tenizdegi-minalar-qauipke-aynaldy-23851788.html
Қара теңіздегі миналар қауіпке айналды
Қара теңіздегі миналар қауіпке айналды
Sputnik Қазақстан
Украина әскери-теңіз күштері мамандарының жауапсыздығы мен біліксіздігі еуропалық ауқымда қауіп тудырып отыр. Одесса және Николаев облыстарына іргелес жатқан... 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T22:51+0500
2022-03-29T22:51+0500
2022-03-30T16:56+0500
теңіз
https://sputnik.kz/img/07e5/04/13/16837545_0:134:3163:1913_1920x0_80_0_0_fb94c82faf25d510f34d1498e2ec64b8.jpg
Украина әскери-теңіз күштері мамандарының жауапсыздығы мен біліксіздігі еуропалық ауқымда қауіп тудырып отыр. Одесса және Николаев облыстарына іргелес жатқан теңіз акваториясын миналау бейбіт тұрғындардың өміріне және Қара теңіздегі бірнеше мемлекеттің азаматтың кеме қатынасына залал келтіруге бағытталған сыңайлы, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.29 наурызда РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украина Қарулы күштерінің әрекеті салдарынан Қара теңізде азаматтық кеме қатынасына үлкен қауіп төнгені туралы мәлімдеді. Румыния, Болгария, Түркия жағалауында табылған украин миналары осыған дәлел болып отыр.Украинада арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украина әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы Қара теңіз жағалауын ресейлік әскерилерден миналы алқаптар арқылы қорғауға бел байлады. Одесса, Очкаов, Черноморск және Южный порттарына кіреберісте жанасу кезінде жарылатын шамамен 420 теңіз минасы орнатылды. Олардың арасында 80 жыл бұрын дайындалған үлгілер де бар. Бірінші дауыл кезінде-ақ миналардың бір бөлігі зәкірден үзіліп кетті де, металл корпусында 115 килограмм тротил бар "Рогатая смерть" оңтүстік-батыс бағыттағы толқынмен бірге теңізде қалқып жүрді.1939 жылғы үлгідегі алғашқы минаны 26 наурызда сауда кемелерінің бірінің экипажы Босфор бұғазында кездейсоқ тауып алды. Түрік әскери-теңіз күштері қауіпті нысанның көзін жойды, бірақ екі күннен кейін олар сол аймақтан екінші минаны тапты. Түркиядағы NTV басылымы бейбіт кеме қатынасы үшін өлім қаупін төндіретін миналарды Киев режимі бейберект, еш жауапкершілікті сезінбей орнатқанын атап өтті.28 наурызда Болгария мен Румыния жағалауларында үшінші және төртінші мина табылды. Сондықтай қауіпті дрейф жаппай құбылысқа айналды.Оның географиялық ауқымын жете бағалау да қиын. Себебі бұл миналардың Босфор бұғазы арқылы Жерорта теңізіне қарай ығысуы айтарлықтай күрделі. Әйтсе де, Қара теңізден Мәрмәр теңізіне қарай тұщы су ағыны секундына 2 метр, яғни сағатына 7 километрден асатын жылдамдықпен жылжиды. Ағыс картасы украин миналары Румыния, Болгария мен Түркия теңіздеріне ғана емес, Поти грузин портына да жетуі мүмкін екенін көрсетті."Бүгінде минаның салдарынан 15 елдің 67 кемесі украин порттарынан шыға алмай отыр. Күні кеше Түркиядан Ростов-на-Донуға бет алған "Оомский 205" ресейлік жүк кемесі Қара теңізде жарықшақ алып, апатты сигнал жолдады, біраз бұрын Одесса жағалауында жарылыстан кейін эстон Helt жүк кемесі суға батты", - деп жазды шолушы.Тең және бөлінбейтін халықаралық қауіпсіздік принципін басшылыққа алған Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі 19 наурызда "серіктестерді" Одесса облысынан оңтүстік-батысқа қарай жылжыған украин теңіз миналары жайлы ескертті. Екі күннен кейін ресми түрде жауап қатқан Түркия әскери-теңіз күштері 26 наурыздан бастап Босфор бұғазында қараңғы уақытта балық аулаға тыйым салды.Кемеге арналған теңіздегі миналар палубадан зәкір арқылы лақтырылады. Оқ-дәрі шынжыр арқылы 15-110 метр тереңдікте ілініп тұрады. Бүгінде теңізде жүзіп жүрген миналар 1930 жылдары дайындалған және 80 жылдан астам уақыт бойы арсеналда сақтаулы болған. Пайдалану қызметі аяқталуына байланысты утилизацияға шығарылуы тиісті миналар Украинаға кіретін теңіз суларына орналастырылды. Бұл іс-қимылды орындау кезінде дайындау және карта құрастыру регламенті өрескел бұзылғаны байқалады."1907 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес, Украина әскери-теңіз күштері өз мина қоршауын бақылауға, Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бірақ украин әскери-теңіз күштері тек қағаз жүзінде ғана бар, оның техникалық құралы мен тәжірибесі жоқ", - дейді материал авторы.Ресей Қара теңіз флоты украин миналарын аулауды жүзеге асыра алар еді. Бірақ арнайы операция кезінде мұны орындау мүмкін болмай тұр. Ал әскери іс-қимыл аяқталғаннан кейін барлық дерлік мина оңтүстіктен бір-ақ шығуы мүмкін.Зәкірлі жанасу миналары орнатылған орыннан дауыл салдарынан жұлынып кеткен. Коррозия бекіту металын әлсіреткен болуы керек. Сондай-ақ миналар о баста дұрыс орнатылмаған болуы да мүмкін.Ескірген миналар да Қара теңіз бен Босфор бұғазында ұзақ мерзімді қауіп тудырып отыр. "Рогатая смерть" әскери немесе азаматтық кеме бортына жанасқан сәтте-ақ жарылады және су сыйымдылығы едәуір үлкен су көлігін теңіз түбіне кетіруге қауқарлы. Егер өзін-өзі жою механизмі іске қосылмаса, онда бұл мина теңіз суында 10 жылға дейін жарамды болып жата береді.1987 жылдың шілдесінде су сыйымдылығы 400 мың тоннадан асатын Кувейттің "Бриджтон" супертанкері Парсы шығанағында ІІ Николай дәуірінде ресейлік Теңіз ведомствосы дайындаған 1908 жылғы үлгідегі иран минасына тап болды. Супертанкер Кувейтке дейін әрең жетіп, сүңгуірлер 27 миллиметрлі болат қаптамада ұзындығы 10 метр және ені 5 метр болатын жарықшақ тапты.Бір жылдан кейін Парсы бұғазында иран минасы америкалық "Сэмюэль Б. Робертс" фрегатына зақым келтірді. Кемені жөндеуге 135 миллион доллар жұмсалды. 1991 жылы дәл осындай жағдай "Триполи" тікұшақ тасымалдаушы мен "Принстон" крейсерге қатысты қайталанды."Қара теңіз жағалауларында украин миналары үлкен қауіпке айналды. Украина қарулы күштерінің мамандары жағалауға өте көп танкке қарсы мина орнатты. Бүгінде Одесса жағалауында жарылыс болып, екі бейбіт тұрғын көз жұмды. Ал жаз келген шақта мина қауіп төндіретін адам саны артатыны анық", - деп жазды Хроленко.
https://sputnik.kz/20211112/qara-teniz-asker-18637305.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/13/16837545_217:0:2946:2047_1920x0_80_0_0_6b7c7e27625880bf28278c64cf60d361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңіз
Украина әскери-теңіз күштері мамандарының жауапсыздығы мен біліксіздігі еуропалық ауқымда қауіп тудырып отыр. Одесса және Николаев облыстарына іргелес жатқан теңіз акваториясын миналау бейбіт тұрғындардың өміріне және Қара теңіздегі бірнеше мемлекеттің азаматтың кеме қатынасына залал келтіруге бағытталған сыңайлы, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
29 наурызда РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украина Қарулы күштерінің әрекеті салдарынан Қара теңізде азаматтық кеме қатынасына үлкен қауіп төнгені туралы мәлімдеді. Румыния, Болгария, Түркия жағалауында табылған украин миналары осыған дәлел болып отыр.
Украинада арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украина әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы Қара теңіз жағалауын ресейлік әскерилерден миналы алқаптар арқылы қорғауға бел байлады. Одесса, Очкаов, Черноморск және Южный порттарына кіреберісте жанасу кезінде жарылатын шамамен 420 теңіз минасы орнатылды. Олардың арасында 80 жыл бұрын дайындалған үлгілер де бар. Бірінші дауыл кезінде-ақ миналардың бір бөлігі зәкірден үзіліп кетті де, металл корпусында 115 килограмм тротил бар "Рогатая смерть" оңтүстік-батыс бағыттағы толқынмен бірге теңізде қалқып жүрді.
1939 жылғы үлгідегі алғашқы минаны 26 наурызда сауда кемелерінің бірінің экипажы Босфор бұғазында кездейсоқ тауып алды. Түрік әскери-теңіз күштері қауіпті нысанның көзін жойды, бірақ екі күннен кейін олар сол аймақтан екінші минаны тапты. Түркиядағы NTV басылымы бейбіт кеме қатынасы үшін өлім қаупін төндіретін миналарды Киев режимі бейберект, еш жауапкершілікті сезінбей орнатқанын атап өтті.
28 наурызда Болгария мен Румыния жағалауларында үшінші және төртінші мина табылды. Сондықтай қауіпті дрейф жаппай құбылысқа айналды.
Оның географиялық ауқымын жете бағалау да қиын. Себебі бұл миналардың Босфор бұғазы арқылы Жерорта теңізіне қарай ығысуы айтарлықтай күрделі. Әйтсе де, Қара теңізден Мәрмәр теңізіне қарай тұщы су ағыны секундына 2 метр, яғни сағатына 7 километрден асатын жылдамдықпен жылжиды. Ағыс картасы украин миналары Румыния, Болгария мен Түркия теңіздеріне ғана емес, Поти грузин портына да жетуі мүмкін екенін көрсетті.
"Бүгінде минаның салдарынан 15 елдің 67 кемесі украин порттарынан шыға алмай отыр. Күні кеше Түркиядан Ростов-на-Донуға бет алған "Оомский 205" ресейлік жүк кемесі Қара теңізде жарықшақ алып, апатты сигнал жолдады, біраз бұрын Одесса жағалауында жарылыстан кейін эстон Helt жүк кемесі суға батты", - деп жазды шолушы.
Тең және бөлінбейтін халықаралық қауіпсіздік принципін басшылыққа алған Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі 19 наурызда "серіктестерді" Одесса облысынан оңтүстік-батысқа қарай жылжыған украин теңіз миналары жайлы ескертті. Екі күннен кейін ресми түрде жауап қатқан Түркия әскери-теңіз күштері 26 наурыздан бастап Босфор бұғазында қараңғы уақытта балық аулаға тыйым салды.
Кемеге арналған теңіздегі миналар палубадан зәкір арқылы лақтырылады. Оқ-дәрі шынжыр арқылы 15-110 метр тереңдікте ілініп тұрады. Бүгінде теңізде жүзіп жүрген миналар 1930 жылдары дайындалған және 80 жылдан астам уақыт бойы арсеналда сақтаулы болған. Пайдалану қызметі аяқталуына байланысты утилизацияға шығарылуы тиісті миналар Украинаға кіретін теңіз суларына орналастырылды. Бұл іс-қимылды орындау кезінде дайындау және карта құрастыру регламенті өрескел бұзылғаны байқалады.
"1907 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес, Украина әскери-теңіз күштері өз мина қоршауын бақылауға, Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бірақ украин әскери-теңіз күштері тек қағаз жүзінде ғана бар, оның техникалық құралы мен тәжірибесі жоқ", - дейді материал авторы.
Ресей Қара теңіз флоты украин миналарын аулауды жүзеге асыра алар еді. Бірақ арнайы операция кезінде мұны орындау мүмкін болмай тұр. Ал әскери іс-қимыл аяқталғаннан кейін барлық дерлік мина оңтүстіктен бір-ақ шығуы мүмкін.
Зәкірлі жанасу миналары орнатылған орыннан дауыл салдарынан жұлынып кеткен. Коррозия бекіту металын әлсіреткен болуы керек. Сондай-ақ миналар о баста дұрыс орнатылмаған болуы да мүмкін.
Ескірген миналар да Қара теңіз бен Босфор бұғазында ұзақ мерзімді қауіп тудырып отыр. "Рогатая смерть" әскери немесе азаматтық кеме бортына жанасқан сәтте-ақ жарылады және су сыйымдылығы едәуір үлкен су көлігін теңіз түбіне кетіруге қауқарлы. Егер өзін-өзі жою механизмі іске қосылмаса, онда бұл мина теңіз суында 10 жылға дейін жарамды болып жата береді.
1987 жылдың шілдесінде су сыйымдылығы 400 мың тоннадан асатын Кувейттің "Бриджтон" супертанкері Парсы шығанағында ІІ Николай дәуірінде ресейлік Теңіз ведомствосы дайындаған 1908 жылғы үлгідегі иран минасына тап болды. Супертанкер Кувейтке дейін әрең жетіп, сүңгуірлер 27 миллиметрлі болат қаптамада ұзындығы 10 метр және ені 5 метр болатын жарықшақ тапты.
Бір жылдан кейін Парсы бұғазында иран минасы америкалық "Сэмюэль Б. Робертс" фрегатына зақым келтірді. Кемені жөндеуге 135 миллион доллар жұмсалды. 1991 жылы дәл осындай жағдай "Триполи" тікұшақ тасымалдаушы мен "Принстон" крейсерге қатысты қайталанды.
"Қара теңіз жағалауларында украин миналары үлкен қауіпке айналды. Украина қарулы күштерінің мамандары жағалауға өте көп танкке қарсы мина орнатты. Бүгінде Одесса жағалауында жарылыс болып, екі бейбіт тұрғын көз жұмды. Ал жаз келген шақта мина қауіп төндіретін адам саны артатыны анық", - деп жазды Хроленко.