Әлем

Қара теңізде АҚШ әскери-теңіз күштерінің іс-қимылы күшейді

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуКорабли Каспийской флотилии, архивное фото
Корабли Каспийской флотилии, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Ресейдің қорғаныс министрлігі АҚШ-тың шекара жанындағы жоспардан тыс маневрлерін тұрақсыздандыру әрекеті деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Америкалықтар Қара теңізде ұзақ уақыт тұрақтауға бекінген секілді. Алтыншы флот НАТО бойынша одақтастарымен бірлесіп "ресейлік агрессияны" айқындауға тырысып жатқан шақта вашингтондағылар өңірдегі әскери қуатты арттыру үшін Монтре конвенциясын қайта қарауға үгіттеп жатыр, деп жазды РИА Новости.

Әскери-теңіз оқу-жаттығуларында Алтыншы флот флагманы – "Маунт Уинти" басқару кемесі көш бастап отыр. Ол 2014 жылдан бері Қара теңіз суларына кірген "Блю Ридж" іспеттес. Бұл ең заманауи радиоэлектронды жабдықпен, байланыс және барлау құралдарымен қамтамасыз етілген судағы штаб. Оның бортындағы қолбасшылық барлық құрылымды тиімді басқару үшін қажетті тактикалық ақпаратты жедел алып отырады.

Президент Казахстана посетил блокпост на въезде в город Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Өңірлер
Шымкент көшелеріндегі әскери техникалар қала тұрғындарының зәресін ұшырды

"Арли Берк" секілді "Портер" эсминеці мен "Джон Лентхолл" танкері флагманға серік болды. Бұл кеме тобын өңірдегі одақтастардың кемелері сүйемелдесе, Еуропадағы америкалық авиация қорғанысты әуеден қамтамасыз етуде. Олардың қатарында В-1В стратегиялық бомбалаушы ұшақтары да бар.

Ресейдің қорғаныс министрлігі АҚШ-тың шекара жанындағы жоспардан тыс маневрлерін тұрақсыздандыру әрекеті деп атады. "Мұнда мақсаттың бірі – Украина территориясын әскери игері болып отыр, - деп нақтылады ведомствода. Оқу-жаттығуларға америкалық әскери-теңіз күштерінен бөлек, тактикалық, патрульдік және стратегиялық авиация, сондай-ақ Болгария, Грузия, Румыния, Түркия мен Украина қарулы күштерінің әскері тартылуы ықтимал соғыс әрекеттері театрын анықтап алу үшін жасалып жатқаны белгілі. Бұл Киев оңтүстік-шығыстағы мәселені күшпен шешуге бел буған жағдайда қажет болады".

Қарашаның басында келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге Орталық барлау қызметінің басшысы Уильям Бернс келді. CNN ақпараты бойынша, "Украина шекарасында Ресей әскерінің артуын АҚШ жіті қадағалап отырғаны туралы Киевке ескерту" бұл сапардың мақсаты болған.

Пентагондағылар да осы тектес мәлімдеме жасады. "Біз ресейлік әскерилердің Ресейдің батыс аудандары мен Украина төңірегінде белсенділігі артуына қатысты алаңдап отырмыз, - деді америкалық қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысы Джон Кирби. – Біз Ресейді олардың осы аумақта не себепті жүргенін дұрыс түсіндіруге шақырамыз".

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова мұның барлығын жалған ақпарат деп атады. Күні кеше ғана америкалық республикашыл конгресмендер Майк Роджерс пен Майк Тернер Украинаға адам өлтіретін қару жеткізіп, "ресейлік агрессияны тежеу үшін" Қара теңізге кеме жөнелтуге шақырды.

1936 жылы дайындалған Монтре конвенциясына сәйкес, Қара теңіз аумағына кірмейтін кез келген мемлекеттің бейбіт уақытта осы акваторияда болатын кемесінің жалпы салмағы 30 мың тоннадан аспауы керек. Алтыншы флоттың қазіргі тобы осы шектеуге әзер сәйкес келіп отыр. Осы заңды шектеудің арқасында ғана америкалықтар су сыйымдылығы 80 мың тоннадан басталатын атомды авиа тасымалдағыштарды күні бүгінге дейін Босфор бұғазы арқылы өткізбей отыр.

Вашингтонның бұл жағдайға көңілі толмай отыр. Заманауи үш кеменің өзі Ресейдің Қара теңіздегі флотына төтеп бере алмайтынын ондағылар жақсы біледі. Ал Монтре конвенциясын тікелей, оның үстіне бейбіт уақытта бұзуға америкалықтардың дәті бармайды. Алайда басқа амалдары да бар.

Беделді The Hill басылымы Әскери-теңіз күштеріндегі лейтенант-коммандер Брайан Харрингтонның "Америка мен НАТО Қара теңіздегі Ресей үстемдігіне қарсы тұруы керек" деген мақаласын жариялады. Мақала авторы Қырым мен Қара теңіз флотындағы кемелерде орналасқан "Бастион" мен "Калибр" зымыран кешендері, сондай-ақ ауқымды авиация тобы Мәскеуге үлкен аумақты жаппай зақымдауға мүмкіндік беретінін жазған.

Ол аумақтың қатарында Пентагон пікірінше тікелей қарулы қақтығыс кезінде америкалық әскер үлкен шығынға бататын территориялар бар. Бұл саны мен технологиялық мүмкіндігі жағынан жоғары әскер үшін мүмкін операция болмақ. Сондықтан Харрингтон Монтре конвенциясын айналып өтуді ұсынды. "Қуатты әскери флоты бар Солтүстік атлантикалық альянстағы әрбір мемлекет Қара теңізге екі-үш кемеден жіберуі қажет" деген ол мұндай құрылымды жеңу мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Алайда халықаралық келісімнен аттап өту елеусіз қалмайтыны белгілі. Ресей мұны өңірлік соғысқа тікелей дайындық деп бағалайды. Ал ол тез арада зымыран-ядролық дүниежүзілік соғысқа айналып кетуі мүмкін.

Вашингтон мен Брюссельдегілер эскалацияға баруы екіталай. Бірақ Қара теңіздегі ресейлік шекараны бақылау мен барлау фактілері арта түседі.

"Бұл мәселеде олар жалғыз емес. Менің ойымша, одан кейін батыстағылар біздің көршілер – грузин флоты және украин флотымен оқу-жаттығу өткізеді. Біз де оқу-жаттығулар өткізіп жатырмыз және өткізе береміз" – деді РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Расында да Батыс елдерінің әскери-теңіз маневрлеріне жауап ретінде Ресей әркез өз оқу-жаттығуларын өткізіп келеді. Мысалы, күні кеше "Адмирал Эссен" фрегаты Қара теңіз флоты кемелерін авиация мен зымыран соққыларынан қорғау бойынша оқу-жаттығу өткізді. Сонымен қатар "Ейск" жол тартты. Қалай болғанда да Қара теңіздегі әскери іс-қимылдың барлығы ресейлік флоттың жіті қадағалуында тұр.

Жаңалықтар
0