Байден Путин туралы не айтқысы келді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуДжозеф Байден
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Ақ үйдің АҚШ саясаты өзгермегені және олар Ресейдегі биліктің ауысуын көздемейтіні туралы мәлімдемесіне ешкім сене қоймады. Сондықтан Джо Байденнің Варшавадағы сөзінің салмағы басым болып отыр, деп жазды РИА Новости.
Бір жыл бұрын АҚШ президенті Владимир Путинді "кісі өлтіруші" деп атаса, өткен айда "әскери қызметкер", "диктатор", "баукеспе" сынды түрлі теңеу қолданды. Сондықтан өткен сенбіде Байден поляктардың бас қаласында сөйлеген сөз соңында мәтіннен ауытқып, "құдай үшін, бұл адам билік басында қалмауы керек" дегенінде ешкім аса таңғалмады.
Алайда Ақ үй қызметкерлері америкалық президент "Путинге өңірді немесе көрші мемлекеттерге ықпал етуге жол бермеуді" меңзегенін айтып ақталды. Байден әкімшілігінде оның Путиннің Ресейдегі билігін немесе режимді ауыстыруды талқыламағанын айтты. Келесі күні Байденнің өзі де режимді ауыстыруды айтқанын жоққа шығарды.
Ресейлік БАҚ АҚШ Украина жөнінде Путинмен келісімге келуге әлі де үміттеніп отырғанын жазды. Оның пікірінше, ол үшін Мәскеуді тығырыққа қатты тіремей, санкцияларды алып тастауға мүмкіндік қалдыру қажет деп санайды. Бірақ бұл үміт ақталмайтыны анық. Себебі Украинадағы арнайы әскери операция Владимир Путиннің АҚШ-пен қандай да бір келісімге келу мүмкін емес екеніне көз жеткізгенін аңғартады. Сондықтан Украина тағдыры келіссөз үстелінде емес, майдан даласында шешіліп жатыр.
Национальные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Әлем
Путин мен Байден видеобайланыс арқылы сөйлеседі: не талқыланады
Байден Путинге тікелей тіл тигізу арқылы оның сезімнің жетегінде кетіп, жоспарсыз қандай да бір әрекетке көшуін көздеуі мүмкін. Бірақ Ресей президенті өзін балағаттау мен билікті ауыстыру туралы мәлімдемелерге қатысты үнемі салқынқандылық танытады.
"Атлантистер Путиннің биліктен кетуін о баста көздегені анық. Осы мақсатта олар Ресей экономикасын тұралатып, мұның ішкі дүрбелеңге немесе төңкеріске алып келуін жоспарлады. 2014 жылы Ресейге қарсы санкциялар енгізген Обама – Байден әкімшілігі осы ұстанымды басшылыққа алды. Бірақ бұл ешқандай нәтиже берген жоқ", - деп жазды сайт.
Енді 2022 жылы да осы логиканы ұстанып, олар Ресей мен Батыста баспанасы бар бай орыстарға қырғидай тиді. Бірақ батыстағылар ол орыстардың Ресейге және Путинге қарсы саясатты қолдайтынын аңғармаған секілді. Сондықтан Батыстың "антипутиндік" саясаты өзіне залал келтіретін түрі бар. Бұл энергия тасымалдағыштарының бағасы қымбаттауынан емес, батыстық емес басқа әлемнің барлығы долларға және англосаксондар құрған қаржы жүйесіне қатысты күдігі артуынан аңғарылады.
Батыстық емес әлем үшін бүгінде Путин диктатор емес, англосаксондар гегемониясына қарсылық танытқан тұлғаға айналды. Яғни, Путин тек Ресейдің ғана емес, бүкіл антибатыстық әлемнің көшбасшысы болып отыр.
Автордың ойынша, Ресейдің бүкіл тарихында Батыс орыстардың қуатты әрі тәуелсіз басшыларына қырын қабақ танытын келген. Иван Грозный, Бірінші Николай, Екінші Александр, Екінші Николай, Ленин, Сталин, Хрущев пен тіпті Брежневті де ішкі саясатының әр алуандығына қарамастан, кісі өлтіруші, қаскөй деп айыптаған. Олардың сыртқы аренадағы іс-қимылы қандай да бір қауіп төндіре бастаса, оның жеке басын айыптау, халқына, әлемге жексұрын етіп көрсету механизмі іске қосылды.
Ресей-Украина келіссөзі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Путин мен Зеленскийдің кездесуі жөнінде шешім ұсынды
Байденнің бір жыл бұрынғы айыптауына қатысты Путин "әркімнің айтқан сөзі өзіне кері айналып келетінін" мәлімдеген болатын. Сондықтан америкалық президенттің Варшавадағы жария сөзі өз алдынан шықпасына кепіл жоқ. АҚШ-тағы қазіргі ахуал да соғын қарай ығысып жатыр.
"Жеті айдан кейін Байден конгресті бақылай алмайды және артынша импичмент рәсімі басталады. Бұл Трампқа қарсы әрекеттер үшін респуликашылдардың кек қайтару мүмкіндігіне айналады. Ол Трамп кезіндегідей сәтсіз болса да, Байден әкімшілігінің билігін шектеп, оның жүйкесіне тиетіні анық. Ал 2024 жылы өтетін президент сайлауында жеңімпаздың кім болуы емес, АҚШ-тың біртұтастығы мен бірлігіне деген ұмтылыс басым болады", - деп түйіндеді мақала авторы.
Жаңалықтар
0