Әлем

Путин мен Байден видеобайланыс арқылы сөйлеседі: не талқыланады

© AFP 2024 / Andrew Caballero-ReynoldsНациональные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне
Национальные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Америкалықтар ең алдымен Ресейдің Украинаға қысым көрсетпеуін, шекарадан әскерді алып кетуін қалап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. 7 желтоқсанға белгіленген Ресей мен АҚШ президенттерінің видеобайланыс арқылы әңгімелесуі  қарсаңында ықпалды Atlantic Council аналитикалық орталығы Байден үшін тұтас сценарий әзірлеп қойды. Орталық келіссөз кезінде қай мәселеде қысым көрсетіп, нені талап ету керектігіне егжей-тегжейлі тоқталған.
Америкалықтар ең алдымен Ресейдің Украинамен шекарадан әскерді алып кетуін қалап отыр. Әскер Ресей аумағында тұрғанына қарамастан, америкалықтар ол Украинаға қауіп төндіріп тұр деп санайды. Бірақ Украина әскері туралы жақ ашпайды. Киевтің Донбастан өзінің қарулы құрылымын алып кетпейтіні анық, деп жазды РИА Новости.
Сонымен қатар Вашингтон Ресейдің Украинаға қысым көрсетпеуін талап етіп отыр. Олардың пікірінше, Мәскеу Украина аумағында америкалық және британдық әскери базалар мен құпия биозертханалар пайда болып жатқанын, онда америкалықтар өнеркәсіптік көлемде "Джавелиндерді" жеткізіп, әскери ынтымақтастықты арттырғанын үндемей бақылауы керек.
Вид на Белый дом в Вашингтоне (округ Колумбия) - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
АҚШ Украинаны соғысқа итермелеп отыр ма
Оның үстіне Ресей Украинаны үздіксіз газ, көмір және бар қажеттімен қамтамасыз етуі керек. Әйтпесе бұл көмірсутек арқылы милитаристік қысым көрсету ретінде бағаланады. Егер Украиина алда-жалда НАТО-ға мүше боламын десе, Ресей еш қарсылық танытпауы қажет.
Міне, Ресей осы айтылғандардың барлығын мүлтіксіз орындаған жағдайда АҚШ Минск келісімін жүзеге асыруға атсалысуға уәде етеді. Бірақ бұл Минскте қол қойылған, Германия мен Франция кепіл болған келісім болмайтыны анық.
Америкалықтардың жоспары бойынша Донбасты "халықаралық аймаққа" айналдыру көзделіп отыр. Республикалардың Украина ішіндегі ерекше статус және елдің сыртқы саясатына вето жариялау мүмкіндігі туралы талаптары қанағаттандырылмайды. ЛХР мен ДХР басшылығын түгелдей "өтпелі кезеңдегі халықаралық азаматтық әкімшілікпен" алмастыру жоспарланып отыр.
Жасақ әскер қарусыздандырылып, милиция таратылады. Олардың орнына халықаралық бітімгерлер келеді. Солардың қадағалауымен Донбаста сайлау өтіп, "кәсіби полиция" жасақталады. Осылайша украин-ресейлік шекарадағы бақылау біртіндеп халықаралық бітімгерлердің қолына, одан кейін Минск келісімінде жазылған ешбір талапты орындамай-ақ Киевтің бақылауына өтеді.
Егер Ресей осыған келіссе, Вашингтон Киевке жеткізілетін қару көлемін азайтуға, Ресейге қатысты бірқатар санкцияны алып тастауға және НАТО мен Ресей өзара әрекеттестігін реттеуге уәде береді.
Аналитикалық зерттеудің авторлары бұл талаптар Мәскеу үшін тиімсіз болатынын ұғынып отыр. Сондықтан Ресей келісімге келуден бас тартса, Украинаны қаруландыру жалғаса беретінін, "Джавелиндерден" бөлек, әуедегі және жағалаудағы шабуылға қарсы жүйелер, радиоэлектронды күрес құралдары мен жүйелері, артиллериялық және батареялық радарлар да жеткізіледі. НАТО күштері ротация негізінде Украинада жайғасып, НАТО "Ресейді тежеу" мақсатында әрекет етуге укарин армиясының толық қуатын пайдаланады.
Американский эсминец Джон Маккейн, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Әлем
Ресей НАТО-ның Қара теңіздегі әрекетіне қатысты пікір білдірді
Ұзақмерзімді болашақта Ресейді "агрессия" үшін санкциялармен қыспаққа алу көзделуде. Бірақ 2014 жылғы да, 2019 жылғы да санкциялар Ресей саясатын өзгерте алған жоқ.
Экономикалық ықпалдың жаңа шаралары Еуропаға газ жеткізуді толық бұғаттамай,  "Газпром" мен оның еншілес компанияларын қаржыландыруға тыйым салуды қарастырады. "Роснефть" еншілес мекемелеріне қарсы қаржылық акциялар едәуір ауқымды. Бірақ олар да жеткізулерді толық бұғаттамауы керек. "Сургутнефтегаз" бен "Новатэк" те құрбан болатын түрі бар.
Atlantic Council орталығы Ресейдегі тау-кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия саласы санкциялармен толық қамтылмағанын ескертіп, "Евраз" бен "Алросу", ресейлік ірі сақтандырушы "Согаз" бен жүк тасымалдаушы "Совкомфлот", сондай-ақ "Солтүстік ағын – 2" газ құбырына көңіл аударуды ұсынды. Сонымен қатар Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату идеясы қайта туындады.
Atlantic Council "бірлескен күш салулар" деген сөзді жиі қолданған. Бірақ Франция мен Германия Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы. Еуропалықтар Ресей газын жеткізу бойынша ауытқудан және экономикаға кері әсер ететін тиімсіз санкциялардан зардап шеккісі келмейді. Сондай-ақ ешкім – еуропалықтар да, америкалықтар да, тіпті украиндер де Вашингтонның бұйрығымен соғысуды қаламайды.
Ресей 7 желтоқсандағы видеобайланысқа мүлде басқа бағдар алып отыр. Украина НАТО-ға мүше болмауы керек. Оның территориясында басқа елдің ауқымды көлемдегі әскери техникасы болмауы қажет. НАТО шығысқа қарай өрісін кеңейтпеуі керек және осы туралы Ресейге жазбаша кепілдік ұсынуы қажет.
Сол себепті осындай қарама-қайшылық кезінде президенттер жағдайды түзей ала ма деген үлкен сұрақ туындайды. Өйткені Женевадағы кездесу ешқандай нәтиже берген жоқ. Ол тек уақыт созу мақсатында болған іс-шара іспеттес.
Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Әлем
АҚШ президенті Еуропаға сапарында қандай мәселені қозғады  
Джо Байденнің сөзі мен ісі барлық кезде үйлесе бермейтіні де жағдайды күрделендіріп тұр. Мысалы қазанда Байден ҚХР шабуыл жасаған жағдайда АҚШ Тайваньды қорғайтынын мәлімдеді.
Бұл күтпеген мәлімдеме болды. Себебі 1979 жылдан бері Вашингтон Тайваньды қорғаныс құралдарымен жабдықтау туралы міндеттемені өз мойнына алғанмен, барлық кезде "стратегиялық екіұдайлық" принципін ұстанып келді. Яғни президенттер ешқашан Тайвань үшін Қытаймен соғысуға уәде еткен емес.
Артынша-ақ Ақ үй Байден мәлімдемесі америкалық сыртқы саясат бағдарының өзгергенін білдірмейтінін мәлімдеді. Аналитиктер президенттің сөзінде ешқандай басқа мән жатпағанын түсіндірді.
Жалпы бүінде Тайвань Украинадан кейінгі жағдай шиеленіскен екінші аймақ болып отыр. Америкалықтар аралды қарумен жабдықтап, Қытайға қарсы үгіт-насихат жүргізіп жатыр. Сол себепті тайваньдықтар да доллар жинап, төлқұжатын дайындап, шетелге қоныс аударуға дайын күйде отыр. Ал ҚХР жақын уақытта отандастарымен бейбіт жолмен бітімге келетініне сенімді.
Америкалық әріптесімен келісімге келу қиын болғанымен, РФ президенті Владимир Путин барлық орыс, украин, амеррикалық және Жер халқының атынан сөйлейді. Ресейге соғыс қажет емес. Ресейге өзара тиімді ынтымақтастық пен даму қажет, деп жазды басылым.
 
 
Жаңалықтар
0