Батыс ресейлік газға балама іздеп жатыр

© Александр МазуркевичГазовая компрессорная станция
Газовая компрессорная станция - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Еуроодақ ресейлік энергия ресурстарының импортына тыйым салатын жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр. Германия газдан бас тарт у жайлы ойланып жатқанымен, оның орнын қалай алмастыратынын білмей отыр. Ұлыбритания мұнай өнімдерін сатып алмауға бекінді. Бірақ мұның экономикалық кері салдары тым ауқымды болатын түрі бар. Еуропа өнеркәсібіне қауіп төндірмей проблеманы шешудің жолын әлі таппады, деп жазды РИА Новости.
Егер Киевті жаппай бомбалау басталса, Ресейден жеткізілетін энергия ресурстарына эмбарго жарияланады, деп жазды Reuters жоғары лауазымды еуропалық дипломатқа сілтеме жасап. Бірақ дәл сол тұлға санкциялар Мәскеудің Украинаға қатысты саясатын өзгерте алмайтынын мойындаған.
Германияның ірі E.ON энергия концерні ресейлік компаниялардан газ сатып алуды тоқтатты. Немістердің көгілдір отынған деген сұранысының үштен бірін қамтамасыз етіп отырған Норвегия жеткізулеріне үміт артып еді, бірақ премьер Йонас Гар Стердің айтуынша, Ослода тапшылықты толтыруға жеткілікті резерв жоқ.
Германияға табиғи газ негізінен Gassco құбыр желісі арқылы жеткізіледі: мысалы, елдің солтүстігіндені Эмденге. Ол құбырлардың жүктемесі бүгінде шекті деңгейде. Ал одан көп көлемде газ тасымалдау үшін қуатты ұлғайту қажет. Бірақ бұл ұзаққа созылатын және шығынды қажет ететін процесс.
Сұйылтылған табиғи газ жөнінде Катармен келісуге тырысып еді, ол да нәтиже бермеді. Бұл ел ең алдымен Қытайға экспорт жөнелтеді: себебі қытайлар әлдеқайда қымбат баға ұсынып отыр.
Энергетикалық дағдарыс кезінде үйлерді немен жылытып, өнеркәсіпті қалай қамтамасыз етуге болатыны туралы басты мәселе әлі шешілмеді. Канцлер Олаф Шольц Еуропа Ресейден энергия тәуелділікті бір сәтте жоя алмайтынын мойындады. Ол санкциялар Мәскеуге емес, Еуропаға зиян келтіріп отырғанын айтты.
Ресей рублі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Әлем
Ресей газ жеткізгені үшін тек рубльмен есеп айырыспақ
Ұлыбританияның бизнес, энергетика және өнеркәсіп министрі Квази Квартенг жыл соңына дейін Ресеймен импорт саудасын тоқтататынын мәлімдеді. Бірақ The Telegraph ағылшын басылымы түйіршіктелген ағаш отынын сатып алуға енгізілген шектеулер жағдайды қатты қиындатып жібергенін жазды.
Соңғы жылдары мыңдаған үй мен кәсіпорын осындай жылу түріне көшті. Оған мемлекеттік қолдау ықпал етті. Ресей шымтезек пен ауыл шаруашылығы қалдықтарынан алынатын биоотынның ірі жабдықтаушысы болды. Енді британдақ оның баламасын іздестіріп жатыр. Баға 25-40 процентке өсіп, бір тоннасы 400 фунт стерлингтен сатылып жатыр және бұл ақырғы шек емес.
Ал газ саласындағы жағдай тіпті мүшкіл: бес есе қымбаттады. Сәуірде жылу мен электр энергиясы үшін есепшот кемінде 50 процентке өседі деген болжам бар.
Қазір көгілдір отынның баға көрсеткіші мың текше метрі үшін 1,2 мың долларға жақындады, наурыздың басында рекордтық төрт мыңға жеткен. Ірі инвестициялық банктер мен шикізат аналитиктерінің пікірінше, ресейлік мұнайдан бас тарту мұнай бағасын да өсіреді және ол бір баррелі үшін 300 долларға дейін жетеді.
"Егер Джо Байден Еуропаны Мәскеумен байланысты түбегейлі үзуге көндірсе, онда нағыз дүрбелең басталғалы тұр. Нарықта артық ресурс жоқ екенін, кез келген қысқарту немесе бас тарту бағаның бір баррель үшін 300 немесе 500 долларға жетуіне алып келуі ықтимал екенін ресейлік энергетика министрі Александр Новак та айтты", - деп жазылған материалда.
2021 жылы ЕО Ресейден 100 миллиард еуроға энергия ресурсын импорттады. Мұның жартысынан көбі шикі мұнай болса, қалғаны мұнай өнімдері, табиғи газ және көмір. Негізгі тұтынушылар – Нидерланды, Германия, Франция және Польша.
АҚШ әзірше қандай амал табарын білмей отыр. Венесуэлаға ұсыныс жасап еді, келісе алмады. Николас Мадуроның талаптарын Вашингтон "орындалуы мүмкін емес" деп атады. Бұл талаптар барлық ресми тұлғаға қарсы санкияларды алып тастау және PDVSA мемлекеттік компаниясын толық бақылауға алуды қарастырды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Экономика
Алматыда сұйытылған газ тарататын ірі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
JP Morgan банкінде Ресей энергия ресурстарынан жаппай бас тарту ұзаққа созылмайтынын айтады. Сәуірде тәуліктік жете жеткізбеулер 3,5 миллион баррельден екі миллионға, мамырда бір миллион баррельге жетеді. Жағдай біршама тұрақталса, екінші тоқсанда Brent мұнайы орта есеппен 114 доллар, жыл соңында 101 доллар тұрады.
Мәскеудің газ үшін ресейлік рубльмен есеп айырысу талабы Батысты есеңгіретіп тастады. ГФР энергетика министрі Петер Альтмайер G7 елдері бұл талапты орындамайтынын айтты.
Ресей де өз дегенінен қайтар емес. Ол қарсы жауап ретінде тағы бір шешім қабылдады. Батыстың алтын валюталы резервті бұғаттауына байланысты ресейлік Орталық банк тату емес елдерге ақша айналымын шектеді. Енді шетелдіктер бағалы қағаздарды сата алмайды және шетелге ақша шығара алмайды.
Жаңалықтар
0