https://sputnik.kz/20220214/almaty-suyytylgan-gaz-kompaniya-22776062.html
Алматыда сұйытылған газ тарататын ірі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда сұйытылған газ тарататын ірі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Компанияның оңтүстік өңір нарығындағы үлесі 80%-ке жуықтайды 14.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-14T14:42+0500
2022-02-14T14:42+0500
2022-02-14T14:45+0500
экономика
газ
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_7ab5e340b5abd813d039ed77bec4b807.jpg
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Алматы прокуратурасы сұйытылған мұнай газының бағасын көтеріп жібергені үшін Petrosun компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Компанияның қызметін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы мамандарын тарта отырып, прокуратура тексереді.Компания оңтүстік өңір нарығындағы сұйытылған мұнай газының 76,9%-ін сатумен айналысады.Қазақстан Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі (монополистік қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.Прокуратура басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын атап өтті.Қаңтар айының басында Қазақстанда жаппай наразылық акциялары өтті. 2022 жылдың алғашқы күндерінде еліміздің батысындағы Жаңаөзен және Ақтау қалаларының тұрғындары сұйытылған газдың екі есеге қымбаттауына қарсылық білдірді.Кейін митингілер басқа қалаларда да, соның ішінде Алматыда да өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Бұзақылар мемлекеттік мекемелерге, тергеу изоляторларына, полиция ғимараттарына шабуыл жасап, қару-жарақтарды алып кетті.ҰҚШҰ күштерінің көмегімен тәртіпсіздік тоқтатылды.Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан халқы дизель отынының бағасына наразы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543825_237:0:2966:2047_1920x0_80_0_0_056dc4306cb7527388710f71164efb9d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, қылмыстық іс
Алматыда сұйытылған газ тарататын ірі компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды
14:42 14.02.2022 (жаңартылды: 14:45 14.02.2022) Компанияның оңтүстік өңір нарығындағы үлесі 80%-ке жуықтайды
АЛМАТЫ, 14 ақпан – Sputnik. Алматы прокуратурасы сұйытылған мұнай газының бағасын көтеріп жібергені үшін Petrosun компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Компанияның қызметін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы мамандарын тарта отырып, прокуратура тексереді.
Компания оңтүстік өңір нарығындағы сұйытылған мұнай газының 76,9%-ін сатумен айналысады.
"Мамандардың қорытындысына сәйкес, 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін Petrosun осы ережені теріс пайдалана отырып, ай сайын автогаз бағасының максималды деңгейін көтерген. Салдарынан көрсетілген кезеңдегі шығын бір тонна тауарға 323,8%-ке дейін өсті", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 221-бабының 2-бөлігі (монополистік қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Прокуратура басқа мәліметтерді жария етуге болмайтынын атап өтті.
Қаңтар айының басында Қазақстанда жаппай наразылық акциялары өтті. 2022 жылдың алғашқы күндерінде еліміздің батысындағы Жаңаөзен және Ақтау қалаларының тұрғындары сұйытылған газдың екі есеге қымбаттауына қарсылық білдірді.
Кейін митингілер басқа қалаларда да, соның ішінде Алматыда да өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Бұзақылар мемлекеттік мекемелерге, тергеу изоляторларына, полиция ғимараттарына шабуыл жасап, қару-жарақтарды алып кетті.
ҰҚШҰ күштерінің көмегімен тәртіпсіздік тоқтатылды.