Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің Украина шығысындағы арнайы әскери операциясы

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өту Оставленные позиции ВСУ
 Оставленные позиции ВСУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
НовостиTelegram
РФ Қарулы күштері Украинадағы бірнеше стратегиялық бағыт бойынша шабуылды жалғастырып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейлік арнайы операцияның алғашқы айының қорытындысы мен сәуірдегі жаңа кезең бүкіл украин жерінде Украина Қарулы күштерінің (УҚК) резервтері мен инфрақұрылымына бағытталған дәлдігі жоғары зымыран соққыларының артатынын аңғартып тұр. Мариуполь қазандығын қиратқаннан кейін ресейлік әскер үшін Донбастағы УҚК тобын демилитаризациялау басымдыққа ие болып отыр.
Өткен тәулікте Ресей Қарулы күштерінің әскери бөлімшелері Украинаның шығысындағы бірнеше елді мекенді бақылауға алып, 95-ші десанттық-шабуылдау бригадасының қорғанысына екі километрге тереңдеді және Славянск жанындағы Новоселовканың оңтүстік шебіне шықты.
"Луганск халық республикасының бөлімшелері шабуылдау барысында 5 километрге алға жылжыды. Донбастағы украин әскерін қоршау және тырп еткізбей ұстау бойынша іс-қимыл жалғасып жатыр. Батысқа қарай ығысу немесе Днепропетровсктен көмек келуінің толығымен жолы кесілді. Өйткені Украина қарулы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіз иен даладағы 200 километрден асатын жолды ресейлік авиацияның соққысынан еңсере алмайды", - деп жазды әскери сарапшы.
Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті
Бір тәулік ішінде Украина территориясындағы қарсы тараптың 36 әскери нысаны қиратылды. Ресейлік әскер Украина әскери-әуе күштеріне тиесілі Донецк облысындағы бір Су-27 жойғыш ұшағын және Чернигов облысындағы төрт Су-24 бомбалаушы ұшағының, сондай-ақ 19 пилотсыз ұшатын техниканың көзін жойды.
Арнайы әскери операция басталған уақыттан бері барлығы 308 пилотсыз ұшатын аппарат, 1 713 танк пен басқа да броньдалған машина, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің 170 қондырғысы, 715 дала артиллериясы жабдығы мен миномет, сондай-ақ 1 557 арнайы әскери автомобиль техникасы қиратылды. Статистика көрсеткендей, Украина Қарулы күштерін демилитаризациялау жоспарға сай жүріп жатыр, дейді Александр Хроленко. Украина орталығы мен батысындаға әскери іс-қимылдың қарқынына қарай Ресей Қарулы күштерінің броньдалған ауыр техникасын, армия авиациясын және радиоэлектронды күрес құралдарын қолдану күшейтілуі ықтимал.
Қазір басты назарда Киев тұр. Оның оңтүстік аумағында ресейлік әскер қоршауды тұйықтап тұр. Украин дереккөзі ресейлік әскердің шабуылдау қарқыны артып жатқанын және танк санының көп екенін атап өтті. Өйткені теңіз әскер күштерін қоса алғанда, ресейлік әскери топтың барлық құрамын белсенді іс-қимыл орындап жатыр.
Одесса мен Николаевтағы Украина Қарулы күштері мен Украина Ұлттық гвардиясының гарнизондары көп күннен бері ресейлік диверсиялық топтарды, теңізден келетін әскерилерді немесе құрлықтан басып алу армиясын күтіп отыр. Украина жағалауына асығыс орнатылған миналар Румыния, Болгария, Түркияға қарай ығысып жатыр. Осы елдердің әскери-теңіз күштері бүгінгі күнге дейін төрт минаны анықтады.
Шетелдік әскери сарапшылар "елорда гарнизоны мен украин саяси билігін үнемі мазасыздықта ұстау үшін" Ресей Киев маңында ірі әскери база құрады деген болжам айтып жатыр. Сондықтан Киев маңындағы Гостомель аэродромы ұзақ уақытқа ресейлік әуе-десанттық әскердің орналасу нүктесіне айналады деуге негіз бар.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады
"Ұжымдық Батыс Ресейге жаңа қырғи-қабақ соғыс ашқан, Украина Қарулы күштеріне жақын уақытта 800 миллион долларға қару-жарақ жеткізуді көздеген, Киевтің жеңілгеніне қарамастан, соғыстан бас тартпаған және Украинаны қайта қаруландыру жоспарын пысықтап жатқан шақта басқаша қалай әрекет ету керек? Украинаны денацификациялау деген жай сөз тіркесі емес", - деп жазды Александр Хроленко.
Оның айтуныша, НАТО мен Украина Қауіпсіздік қызметі химиялық қару қолдану жоспарынан бас тартпай отыр. Бірақ Ресей өз шекарасына жақын аумақта химиялық соғыс бастауға жол бермейді. Украинада НАТО мен Ресейдің тікелей әскери қақтығысы ядролық эскалация туындауына кепіл болады.
Әскери шолушы Александр Хроленокның Telegram арнасы
Жаңалықтар
0