Білім

Қазақстанда ҰБТ қорытындысы бойынша тақырыптық талдау жасалады

© Photo : Минобразования РКҰБТ-2020
ҰБТ-2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Тест тапсырған түлектерге қандай тақырыптарға көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуге тақырыптық талдау жасалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.
"Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бойынша талдау жасап, оны мектептердің жұмысын бағалау үшін пайдалануға шешім шығардық. Электронды форматқа көшу енді тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айтуынша, тест тапсырған түлек қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады.
Министрлік дәл осындай талдауды мектепке, нақты пәнге қатысты, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде жасауды жоспарлап отыр.
Бұл тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді.
"Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады", - деп нақтылады Аймағамбетов.
Сонымен қатар, мұғалімдер де оқушылардың қандай тақырыптарда қиналғанын көреді.
"Тиісінше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өзгерту бойынша шешімдер қабылдай аламыз", - деді ведомство басшысы.
Старт ЕНТ 2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2022
Білім
ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді
Министр жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алатынын атап өтті.
Мектептер рейтингіне неге тыйым салынды
Білім министрі бірнеше жыл бұрын ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін өткізуге неге тыйым салынғанын түсіндірді. Оның бірнеше себебі болған:
директорлардың басқа пәндерге зиянын тигізе отырып, 10-11 сынып оқушыларын тест сұрақтары бойынша ғана дайындау;
өтініш жинауда мұғалімдерге қосымша жүктеме;
үлгерімі нашар оқушыларды ҰБТ-ға қатысудан шеттету;
әкімдіктердің өңірдің орташа ұпайын әртүрлі тәсілмен көбейтуге тырысуы.
Бұл ретте ҰБТ-ның орташа балының өзі диагностикалық функцияны орындай алмады.
"Тек орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілуді ғана білдірмейді. Ал егер тақырыптар мен пәндер бойынша талдау болса, бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Сол кезде қабылданған шешім өз рөлін атқарғанын, мұғалімдер мен мектептерге түсетін жүктемені азайтқанын көріп отырмыз. Яғни оқушылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді, оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест арқылы ғана дайындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әрекеттері тоқтатылды", - деді Аймағамбетов.
Жаңалықтар
0