Қоғам

Автокредит бағдарламасы: ай сайынғы төлем мөлшері қандай болады

© Sputnik / Владислав Воднев автосалон
 автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Қазіргі кезде астанадағы автосалондарда көлік аз. Қызметкерлердың айтуынша, сәуір айында қосымша партиясы келуі керек
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Үкімет келесі айдың соңында жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосуды жоспарлап отыр.
Бағдарламаның негізгі шарттары белгілі. Шекті сомасы да жарияланған болатын. Sputnik Қазақстан тілшісі автосалондарды аралап, 4 проценттік автокредитке қандай көлік алуға болатынын және ай сайынғы төлемді біліп қайтты.

Бюджеттік көліктер көп пе?

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасының негізгі шартына сәйкес, кредитке рәсімделетін көлік отандық зауыттарда құрастырылуы шарт. Бүгінде ондай көліктер аз емес. Олардың ішінде Huyndai, Renault, Kia, Jac сияқты танымал маркалар бар. Оған қоса, әрбір марканың бірнеше моделі де шығарылады.
Бірақ автокредит бағдарламасы бойынша кредитке берілетін көлік "бюджеттік модельден" аспауы керек. Ал шекті бағасы – 10 миллион теңге. Негізі, осы сомаға кейбір модельдердің толық комплектация да келе береді. Мәселен, Kia Picanto-ның ең жоғары бағасы 8 миллионнан сәл асып тұр. Бұдан бөлек, Kia Rio мен Kia Rio X -ті қосымша опциялармен бірге алуға болады. Ал базалық модельдері 7,7-8,5 миллион теңгеден басталады.
Huyndai маркасын да жеңілдетілген автокредитке рәсімдеуге болады. 10 миллионға дейінгі модельдері баршылық. Ал Renault мен Jac сәл қымбатқа түседі. Себебі базалық модельдердің өзі 9-10 миллион теңгеден басталады.
Қазіргі кезде астанадағы автосалондарда көлік аз. Қызметкерлердың айтуынша, сәуір айында қосымша партиясы келуі керек. Бірақ келесі айда бағалар да өзгеруі мүмкін.

Ай сайынғы төлемнің мөлшері қандай?

Бүгінде әрбір автосалонда банк қызметкерлері отырады. Олар кредитке рәсімделетін кез келген көліктің ай сайынғы төлемдерін есептеп береді. Мәселен, Kia-ның базалық моделі 7,7 миллион тұрса, 4 проценттік автокредитпен 7 жылда ай сайын 105 250 теңге төлеу керек.
"Алғашқы жарнасыз жеті жылдың ішінде артық төлемнің жалпы мөлшері 1 140 984 теңге болады. Осылайша, банкке 8 840 984 теңгені қайтару керек. Ал автокредиттің мерзімі бес жыл болса, ай сайынғы төлем 141 807 теңгеге дейін өседі. Бірақ артық төлемнің жалпы мөлшері 808 433 теңгеге дейін төмендейді. Бір сөзбен айтсақ, кредиттің мерзімі қысқарған сайын банкке қайтарылатын ақша азаяды. Алайда ай сайынғы төлем жоғары болады", - дейді банк қызметкерлері.
10 миллион теңге тұратын көлік үшін ай сайын 136 688 теңге, ал 7 жылда банкке 1 481 797 теңгені артығымен төлеуге тура келеді. Осылайша, кредитке алынған 10 миллионды 11 481 797 теңге көлемінде қайтару қажет. Банк қызметкерлері жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша көліктердің нақты тізімі де бекітілетінін еске салды.
Мәселен, бұған дейінгі бағдарламада Chevrolet, Hyundai, JAC, Kia, LADA, Ravon,Škoda мен UAZ-дың бірқатар модельдерін кредитке берілді.

Автокредиттің негізгі шарттары қандай?

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі бұрынғы деңгейде – 4 процент болып қалады. Мерзімі – 7 жыл. Кредит 10 миллион теңгеге дейін беріледі.
Көлік одан сәл қымбат болса, ақшаны үстінен қоса салуға болады. Бірақ өте қымбат көліктерге жеңілдетілген кредит берілмейді.
Бүгінде министрлікте алғашқы жарна мәселесі де талқыланып жатыр. Әлеуметтік осал топтар үшін жарнаны алып тастауы мүмкін. Бәлкім, барлығы бірдей алғашқы жарнадан босатылатын шығар.
Қазіргі кезде министрлік мамандары есеп-қисап жасап жатыр. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша онлайн кезек те құрылуы мүмкін. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде автокредит кезегінде 15 мың адам тұр.
Вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, 100 миллиард теңгенің арқасында "71 мың адам қолжетімді бағамен жаңа көлік ала алады".
Автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Қоғам
Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қашан басталатынын айтты
Жаңалықтар
0