https://sputnik.kz/20220317/ministrlik-zhenildetilgen-avtokredit-bagdarlamasy-23580982.html
Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қашан басталатынын айтты
Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қашан басталатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Бағдарламаны қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді 17.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-17T08:21+0500
2022-03-17T08:21+0500
2022-03-17T08:24+0500
қоғам
автокөлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17445976_0:77:3418:2000_1920x0_80_0_0_63bc9927852dfe62b28e6d6abcfac193.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.Индустрия министрлігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл даму" АҚ қаражаты есебінен қазақстандықтардың жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөлік сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде.Ведомство ақпаратынша, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Өңірлерде автобустарды жаңартуға 30 миллиард теңге бөлінеді.Айта кетері, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша бастапқы жарна қажет емес. Несие мерзімі – 7 жылға дейін. Бір көлік үшін кредит сомасы 10 миллион теңгеден аспайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17445976_430:0:3161:2048_1920x0_80_0_0_a21f6994e61419c8fbbe93c57004da93.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, кредит
Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қашан басталатынын айтты
08:21 17.03.2022 (жаңартылды: 08:24 17.03.2022) Бағдарламаны қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы сәуір айының соңына дейін іске қосылады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Индустрия министрлігі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл даму" АҚ қаражаты есебінен қазақстандықтардың жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөлік сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде.
Ведомство ақпаратынша, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 миллиард теңгені құрайды. Өңірлерде автобустарды жаңартуға 30 миллиард теңге бөлінеді.
"Отандық өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімді аяқтау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Айта кетері, жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша бастапқы жарна қажет емес. Несие мерзімі – 7 жылға дейін. Бір көлік үшін кредит сомасы 10 миллион теңгеден аспайды.