https://sputnik.kz/20220326/ekibastuz-zhumys-biiktiktik-mert-boldy-23750859.html
Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды
Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды
Sputnik Қазақстан
Облыста бір түнде жұмыс барысында үш жазатайым оқиға тіркелді 26.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-26T09:52+0500
2022-03-26T09:52+0500
2022-03-26T09:56+0500
оқиға
екібастұз
жұмысшы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1a/16890821_0:332:3051:2048_1920x0_80_0_0_6043279bcf573b2ebdfabc2b2ea3f2c0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға 25 наурыз сағат 23:00-де болған. Дәнекерлеуші қазандық құбырын жөндеу кезінде 74 метр биіктіктен 51 метр биіктікке құлаған. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жұмысшы 36 жаста болған.Сол түні Павлодарда тағы бір өндірістік цехта жазатайым оқиға болды. 45 жастағы дәнекерлеушінің басына бетон плитасының металл ұстағышы құлады. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.Сондай-ақ, осы түні қаладағы сауда үйлердің бірінде 28 жастағы жұмысшы ғимаратты әрлеу кезінде баспалдақтан құлап түсті. Ол да ауруханаға түсті.
https://sputnik.kz/20220308/pavlodarda-futbol-zhattyqtyrushy-23366214.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/1a/16890821_239:0:2970:2048_1920x0_80_0_0_dc2eb7df6b16d5f0433a4361c7b16cd7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, жұмысшы
Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды
09:52 26.03.2022 (жаңартылды: 09:56 26.03.2022) Облыста бір түнде жұмыс барысында үш жазатайым оқиға тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Екібастұзда жұмысшы 20 метрден астам биіктіктен құлап, мерт болды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 25 наурыз сағат 23:00-де болған. Дәнекерлеуші қазандық құбырын жөндеу кезінде 74 метр биіктіктен 51 метр биіктікке құлаған.
Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жұмысшы 36 жаста болған.
Сол түні Павлодарда тағы бір өндірістік цехта жазатайым оқиға болды. 45 жастағы дәнекерлеушінің басына бетон плитасының металл ұстағышы құлады. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ, осы түні қаладағы сауда үйлердің бірінде 28 жастағы жұмысшы ғимаратты әрлеу кезінде баспалдақтан құлап түсті. Ол да ауруханаға түсті.