Оқиға

Павлодарда спорт кешенінің едені опырылып түсіп, жаттықтырушы биіктіктен құлады

© Sputnik / Абзал КалиевАурухана бөлмесі
Аурухана бөлмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Жазылу
Зардап шеккен ер адам түрлі дене жарақатын алды
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Шамамен үш қабатты үй биіктігінде орналасқан павлодарлық футбол манежінің бақылау кабинасынан жаттықтырушы құлап түсті, деп хабарлады әлеуметтік желідегі парақшалардың бірі.
Кабина жабық футбол манежінің екі қабатты ғимаратының шатырының астында орналасқан. Осы жерден ойын мен жаттығу барысын бақылап, бейнетүсірілім жүргізуге болады. Балаларды жаттықтыратын 22 жастағы ер адам оған көтеріле бергенде, аяқ астындағы еден опырылып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді.
Sputnik Қазақстанға денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева хабарлағандай, зардап шеккен адам Павлодардағы 1 қалалық ауруханасына түскен. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, омыртқаның бел бөлігінің компрессиялық сынуы, түрлі жарақат диагнозы қойылды.
Науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде, ол есін біледі және сөйлесе алады.
Павлодарлық "Спорт-ситидегі" құны 1,2 миллиард теңге болатын футбол манежі 2021 жылдың соңында пайдалануға берілген болатын.
Бастапқыда ол ешқандай коммуникациясыз іске қосылып, қажетті желілер кейіннен тартылған. Мұнда жаттығатын балалардың ата-аналары құрылыс сапасына о бастан-ақ көңілі толмайтынын жеткізген. Себебі нысанда жарықшақ пайда болып, су ағып тұрған, деп жазылған парақшада.
Жаңалықтар
0