https://sputnik.kz/20220325/qazaqstan-quanshylyq-tozimdi-tuqymdar-zhana-suryptar-23721749.html
Қазақстанда қуаңшылыққа төзімді тұқымдардың жаңа сұрыптары әзірленеді
Қазақстанда қуаңшылыққа төзімді тұқымдардың жаңа сұрыптары әзірленеді
Sputnik Қазақстан
Үкімет басшысының айтуынша, тұқым сұрыптарының сапасы мен өнімділігі төмендеп барады 25.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-25T08:58+0500
2022-03-25T08:58+0500
2022-03-25T08:59+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/old/855/20/8552052_0:534:1962:1638_1920x0_80_0_0_8a815606c9f46d3c0b6cf013d7fc845d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов қуаңшылыққа төзімді тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.Үкімет жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында агроөнеркәсіптік кешен саласының мәселелері қаралды.Ауыл шаруашылығы министрі импорттық тәуелділікті төмендету үшін отандық тұқым сұрыптарын әзірлеу бағдарламасы туралы хабарлады. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі отандық тұқымдарды өсіру жөніндегі жол картасын әзірлеген.Сондай-ақ отырыста көктемгі егіс жұмыстарына қосымша қаражат бөлу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу логистикасының негізгі проблемалары талқыланды.Қазіргі сыртқы саяси ахуал әлем елдерімен қатар Қазақстанда да ауыл шаруашылығы тауарларының, соның ішінде техника, тұқым, генетикалық материал, минералды тыңайтқыштардың қымбаттауына түрткі болып отыр.Осыған байланысты үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы министрлігі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, 16 наурыздан бастап аммиак селитрасының бағасы тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін түскен.Бұдан бөлек, индустрия министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды уақытылы жеткізу мақсатында қосымша вагондармен қамтамасыз ету және Ресейден тұқым импорты бойынша жеткізудің балама бағыттары мәселесін пысықтау тапсырылды.
https://sputnik.kz/20220312/koktemgi-dala-zhumystary-egin-qarzhy-23466354.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/855/20/8552052_0:350:1962:1822_1920x0_80_0_0_e65814db0aea21fd27cd0d3d06131b5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Қазақстанда қуаңшылыққа төзімді тұқымдардың жаңа сұрыптары әзірленеді
08:58 25.03.2022 (жаңартылды: 08:59 25.03.2022) Үкімет басшысының айтуынша, тұқым сұрыптарының сапасы мен өнімділігі төмендеп барады
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов қуаңшылыққа төзімді тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Үкімет жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында агроөнеркәсіптік кешен саласының мәселелері қаралды.
Ауыл шаруашылығы министрі импорттық тәуелділікті төмендету үшін отандық тұқым сұрыптарын әзірлеу бағдарламасы туралы хабарлады. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігі отандық тұқымдарды өсіру жөніндегі жол картасын әзірлеген.
"Қысқа мерзім ішінде отандық тұқым сұрыптары ғылымын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарлама қабылдау қажет. Тұқым сұрыптары сапасызданып, өнімділік төмендеп барады. Жылдан жылға құрғақшылық белең алуда. Бұл жағдайда қуаңшылыққа төзімді әрі мол өнім беретін тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеу аса маңызды", — деді премьер-министр Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ отырыста көктемгі егіс жұмыстарына қосымша қаражат бөлу, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу логистикасының негізгі проблемалары талқыланды.
Қазіргі сыртқы саяси ахуал әлем елдерімен қатар Қазақстанда да ауыл шаруашылығы тауарларының, соның ішінде техника, тұқым, генетикалық материал, минералды тыңайтқыштардың қымбаттауына түрткі болып отыр.
Осыған байланысты үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы министрлігі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету бойынша жұмыс жүргізуде. Мәселен, 16 наурыздан бастап аммиак селитрасының бағасы тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін түскен.
Бұдан бөлек, индустрия министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды уақытылы жеткізу мақсатында қосымша вагондармен қамтамасыз ету және Ресейден тұқым импорты бойынша жеткізудің балама бағыттары мәселесін пысықтау тапсырылды.