Өңірлер

Қапшағайға "Дінмұхамед Қонаев" атауы берілмек

© Sputnik / Тимур БатыршинҚапшағай
Қапшағай - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Қапшағай атауын өзгерту туралы шешімді қалалық мәслихат қабылдады
ТАЛДЫҚОРҒАН, 25 наурыз — Sputnik. Қапшағайды Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының отырысы өтті. Ол жерде Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту мәселесі бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың баяндамасы тыңдалды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев деп өзгерту туралы шешім бірауыздан қабылданды.
"Қоғамдық бірлестіктерден әкімнің атына қаланы қайта атау туралы хаттар келіп түсті. Олардың арасында мүгедектер, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, түрлі этномәдени орталықтар мен партиялар бар", - деп атап өтті Шәйкенова.
Бірақ бұл соңғы шешім емес. Өйткені оны облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялар бекітуі керек.
Еске сала кетсек, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында егер халық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беруді ұсынса, ол мұны қолдайтынын мәлімдеген болатын.
Дінмұхамед Қонаев, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2019
Дерекқор
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Жаңалықтар
0