Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыстағы БАҚ "Азов" нацистерін жақтады

© Sputnik / Оксана Джадан / Медиабанкке өтуФлаги батальона "Азов"
Флаги батальона Азов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Батыс "Украинаны денацификациялау" терминінің негізсіз екенін дәлелдеуге барынша тырысып жатыр.
Негізгі "дәлелдің" бірі ретінде Украина президентінің еврей емес екенін алға тартуда. Бірақ заманауи неонацизмнің еврейлерге еш қатысы жоқ. Талай адамның өліміне себепші болған Андерс Брейвик өз декларациясында Израильді мақтап, оны 359 рет атағаны үшін Брейвиктің неонацист екеніне ешкім күманданған жоқ, деп жазды РИА Новости.
Ал америкалық жазушы Тимоти Снайдер "тек неміс қана нацист бола алады" деген пікір білдірген. Оның ойынша, нацист – бұл 1930-1940 жылдардағы Германияның ұлтшыл-социалистік партиясының мүшесі. Сонда нацистік немесе неонацистік ұйымдардың өздерін осылай атайтын мүшелері неміс болмаса нацист деп саналмайды ма?
Ал адам өзін Гитлер немесе "Mein Kampf" жақтаушысы деп санайтын адамды қандай идеологияға жатқызу керек?
Мысалы, 1991 жылы "Свобода" атты украин партиясы өзін Социал-ұлтшылдық партия ретінде тіркеп, оны жақтаушылар өздерін социал-ұлтшылдар деп атады. Оның бас дем берушісі Юрий Михальчишин гитлерлік "Mein Kampf" туындысын "жол сілтеуші кітап" деп қарастыратынын мойындаған. Сонда Снайдердің ойынша Михальчишинді кім деу керек: социалист немесе коммунист?
"2014 жылғы Майданнан кейін ол Украина Қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеп, "Азов" полкіндегі идеологиямен айналысды. Бұл бөлімше "Патриот Украины" мен "Социалистік-ұлтшылдық альянс" неонацистік ұйымдарының базасында құрылған. Оған "Ақ көсем" деген лақап атпен танылған украин идеологы Андрей Билецкий жетекшілік еткен", - деп жазды мақала авторы.
"Азов" 2015 жылдың маусымындағы АҚШ конгресінің резолюциясында неонацистік ұйым ретінде ресми түрде танылды. Араға жеті жыл салып енді батыстағы БАҚ өз оқырмандарына "Азов" қазір нацистік бөлімше емес, ел мүддесін қорғайтын ұйымға айналғанын дәлелдеуге тырысып жатыр. Осы орайда The Times Билецкий кеткеннен кейін оның пікірлестері де соның соңынан ілескенін, қалғаны соңғы жылдары "Азовтан" шығарылғанын жазды.
Батыстағы басылымда "Азовты" жақтаған мақала өте көп. Бірақ олар бірнеше жыл бұрын АҚШ конгресінде "Азов" әлемнің ультра оңшыл радикалдарын тартуға арналған халықаралық рекрутингтік агенттікке айналғаны туралы баяндама таныстырылғанын ұмытып кетсе керек. Осы баяндамадан кейін ондаған конгресмен АҚШ Мемлекеттік департаментіне бұл құрылымды шетелдік террористік ұйымдар тізіміне енгізу туралы петицияға қол қойды.
"Батыстағы баспасөз адамзат баласына жауыздыққа негізделген мәлімдемелерді де елемеуге тырысып жатыр. Мысалы, бір аптадан астам уақыт бұрын 24 арна эфирінде тележүргізуші орыс балаларды бауыздауға, яғни геноцид актісін жасауға шақырды. Ол бұл ойын Адольф Эйхманның портретін назарға ұсыну арқылы баяндады", - деп жазды мақала авторы.
Осы оқиға туралы Батыстағы ешбір басылым жазбады. Тек америкалық демократтардың екінші деңгейлі сайты The Bulwark тележүргізуші жақын досынан айырылғандықтан, сезімге беріліп, ашумен айтқанын жазып, журналисті ақтауға тырысқан.
Бұдан соң орыс балалары мен әйелдеріне қатысты аяусыздық танытуға шақырған мәлімдемелер бірінен кейін бірі жариялана бастады. Олардың қатарында Украина шекара қызметінің басшысы Сергей Дейнеконың әлеуметтік желіде "ресейлік әскери қызметкерлердің әйелдерін, балаларын, ата-анасын, қарындастарын, бауырларын" өлтіруге шақырған жазбасы бар.
Кейіннен ол өзінің парақшасын біреулер бұзғанын мәлімдеді. Ал танымал тележүргізуші Наталья Мосейчук ресейлік ұшқыштардың отбасыларына Түркия мен Мысырда террористік шабуыл жасауға үндеді. Ол осы сөзі үшін кешірім сұраған жоқ.
әуежай - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропадағы Украина босқындарының тағдыры не болмақ
"Жалпы бүкіл соғысты сезімге берілу сәті деп ақтауға болар еді. Алайда сегіз жыл бойы Донбастың қандай күйде болғанын ұмытпау керек. Ол жақта да жарылыстар, бейбіт халық арасындағы өлім-жітім болды. Бірақ соғыс жылдарында Донецк және Луганск халық республикаларының телеарналарындағы эфирде ешкім украин балаларын бауыздауға шақырған жоқ. Әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларын жазалауды ешкім ұсынған жоқ", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
Донбасс халқы осы сегіз жылда қандай қиындық көргенін ешқандай батыстық БАҚ жария етпеді. Ал қазір "денацификациялау" терминін Украинаға қатысты қолдануды жөнсіз деп санайды, дейді ресейлік тілші.
Жаңалықтар
0