Теңізге батып бара жатқан әйелді құтқарған ақтаулықты полиция марапаттады

© Photo : Lada.kzТеңізге батып бара жатқан әйелді құтқарған ақтаулықты полиция марапаттады
Теңізге батып бара жатқан әйелді құтқарған ақтаулықты полиция марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Бұған дейін полиция қызметкерлері қызды құтқарып қалғаны туралы хабарланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ақтау полиция басқармасының бастығы Мадияр Омаров Каспий теңізіне батып бара жатқан қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттады.
Ол қала тұрғыны Замир Мұсаев болып шықты.
Омаров оған батыл әрекет еткені үшін алғыс хат пен сыйлық табыс етті, деп жазды Lada.kz.
"Ерлігіңіз бен батылдығыңыз үшін рахмет. Сіз құрметке лайық іс жасадыңыз. Ең бастысы, адам өмірін құтқарып қалдыңыз", - деді Омаров.
Замир Мұсаев полиция қызметкерінің әйелдің өмірін сақтап қалудағы батыл әрекетін атап өтті.
Бұған дейін polisia.kz сайты Ақтау патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ержан Көкенов пен Мұрат Шыныбековтің өзіне қол жұмсамақ болған 30 жастағы Ақтау тұрғынын аман алып қалғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0