Өңірлер

Ақтауда полицейлердің суға секірген қызды құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Ольга ТонконогАқтау
Ақтау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Ақтауда патрульдік полиция қызметкерлері Ержан Көкенов пен Мұрат Шыныбеков суға батқан қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды polisia.kz.
Оқиға 17 наурыз күні "Самал" шағын ауданында болған. Ақтау қалалық полиция басқармасына қыздың теңізге секіріп кеткені туралы хабар түсті. Куәгерлер оның батқанын көрген. "Сұңқар-5" патрульдік полиция батальонының экипажы бірден оқиға орнына жетеді. Ержан Көкенов сол жердегі адамдардан мән-жайды білгеннен кейін киімін шешіп, суға секіреді. Қызды жағаға алып шыққан кезде серіктесі Мұрат Шыныбеков пен учаскелік инспектор Нұржан Жәкиев көмекке келеді.
Полицейлер алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жедел жәрдем шақырған. Ақтау тұрғыны жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде қыздың жағдайы жақсарды. Ал тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтайды.
Жаңалықтар
0