https://sputnik.kz/20220324/it-bayqau-studentter-15-mln-tenge-23703819.html
ІТ байқауға қатысатын қазақстандық студенттер 1,5 млн теңге жеңіп ала алады
ІТ байқауға қатысатын қазақстандық студенттер 1,5 млн теңге жеңіп ала алады
Sputnik Қазақстан
IT сайыс 26-27 наурыз күндері Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді 24.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-24T12:24+0500
2022-03-24T12:24+0500
2022-03-24T12:24+0500
білім
студенттер
байқау
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700764_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_63495aff8ca98642ea2a5e3e145a24a7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі алғаш рет университеттер мен колледждер студенттері арасында "BILIM Hackathon 2022" IT байқауын өткізеді.Бас жүлде иегерлері 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры – 1 миллион теңге, үшінші орын – 500 мың теңге."Жеңімпаздар, яғни студенттер марапаттан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады", - деп хабарлады білім министрлігінің баспасөз қызметі.IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді. Қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялар өкілдері кіреді. Үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады."Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команда атауын, қатысушылардың аты-жөні мен ұйым атауын көрсету қажет", - деді білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.Сайысқа қатысатын студенттерге түрлі тапсырма беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау.Айта кетері, байқау білім және ғылым саласында жаңа IT жобаларға бастамашылық ету, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT мамандарды ынталандыру мақсатында өткізілмек.
https://sputnik.kz/20200630/Gylym-IT-mamandar-universitet-14355695.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15700764_91:0:2822:2048_1920x0_80_0_0_33e75881019da4842688d131a710ff94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, байқау
ІТ байқауға қатысатын қазақстандық студенттер 1,5 млн теңге жеңіп ала алады
IT сайыс 26-27 наурыз күндері Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі алғаш рет университеттер мен колледждер студенттері арасында "BILIM Hackathon 2022" IT байқауын өткізеді.
Бас жүлде иегерлері 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры – 1 миллион теңге, үшінші орын – 500 мың теңге.
"Жеңімпаздар, яғни студенттер марапаттан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады", - деп хабарлады білім министрлігінің баспасөз қызметі.
IT сайыс 26-27 наурызда Astana IT University базасында офлайн форматта өтеді. Қазылар алқасының құрамына белгілі IT-компаниялар өкілдері кіреді. Үздік қатысушылар жұмысқа шақыру алады.
"Елімізде түрлі IT жобаларды әзірлейтін дарынды жастар көп. Оларды байқауға қатысуға шақырамыз. Сайысқа университет және колледж студенттері, одан бөлек, басқа да бағдарламашылар қатыса алады. Әр оқу орнынан бір командаға қатысуға рұқсат етіледі. Хакатонға қатысу үшін өтінімдерді monhackathon@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады. Өтінімге команда атауын, қатысушылардың аты-жөні мен ұйым атауын көрсету қажет", - деді білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.
Сайысқа қатысатын студенттерге түрлі тапсырма беріледі. Мысалы, еркін тақырыпта да, берілген тақырып бойынша да білім саласындағы цифрлық шешімдер бойынша жоба дайындау.
Айта кетері, байқау білім және ғылым саласында жаңа IT жобаларға бастамашылық ету, сондай-ақ қазіргі және болашақ IT мамандарды ынталандыру мақсатында өткізілмек.