"Сегіз жыл жертөледе күнелттік": Донбастағы соғыстан зардап шеккендер тағдыры

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуДонецк. Архивное фото
Донецк. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Жазылу
Донецктің майдан шебі жанындағы ауданында тұратын Инна Семенова сал ауруына шалдыққан қызымен бірге Ресейге көшуге бірден келісті. Донецк пен Луганск халық республикаларынан адамдарды жаппай эвакуациялау кезінде науқас балалары бар аналар Подмосковьедегі мамандандырылған орталыққа алдымен жеткізілді, деп жазды РИА Новости.
"2014 жылдың 26 мамыры кешегідей есімде. Бізге қарай ұшақтар ұшып, Донецкті бомбалады. Айналаның бәрі у-шу, жылаған адамдар, дүрбелең, - деп еске алады Инна.
"Менің анам Донецк әуежайы ауданында тұрды. Ол жақта қиян-кескі шайқас жүріп жатқан кезде ол біздің жанымызға келді. Бізде де қауіпсіз емес. 2016 жылы көрші үйге снаряд құлап, терезелер шағылды. Мейлі, бастысы аманбыз", - дейді Семенова.
Иннаның он бір жастағы қызы Маргарита сал ауруына шалдыққан. Ол 2014 жылға дейін оңалтудан тұрақты өтіп тұрған. Алайда, соғыс мұның бәрін тоқтатты.
Қазір Инна қызымен бірге Красногорсктегі "Созвездие" орталығына орналасқан. Мұнда балалар білім алады және емдеуден өтеді. 21 ақпанда автобуспен көшірілген 50 адамның ішінд 28 жасөспірім болды.
"Бір тәуліктен астам уақыт бойы жолда болдық, - деп еске алады Маргарита Селищева. – Соңғы күндері дүмпу қатты естілді. Жаппай эвакуациялауға дейін жағдай ушығады деп ойламадық. Далада палатада жату мүмкін емес. Менің екі балам сал ауруына шалдыққан. Оларға ерекше күтім мен ем қажет. Сондықтан қалай болғанда да үйде қаламыз деп шештік". Бірақ мамандандырылған орталыққа баруды ұсынған кезде ол, әрине, бас тартқан жоқ.
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Донбаста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді
Донецктегі әрбір азамат секілді Маргарита да алғашқы кезде сирена ойнаған сайын балаларымен бірге жертөлеге түскен. Кейін еті үйреніп, дәлізде бас сауғалаған.
"Қаладан шыға берісте тұрамыз. Жанында – Еленовка. Ол жақта күйеуімнің туыстары бар. Үнемі жарық пен су жоқ. Коммуналдық қызметкерлер реттегенмен, артынша соққы болып, қайта сөнеді. Енем үш жыл бойы жертөлеге түсумен болды. Ол онкологиялық аурудан көз жұмды", - дейді Селищева.
Оның күйеуі соғысқа дейін теміржол техникасын жөндеу зауытында жұмыс істеген. 2014 жылы жұмыстан босатылған. Ол массажист мамандығын меңгеріп, спорт залға жаттықтырушы болып жұмысқа кірген. Әзірше онымен байланыс жоқ. Бірақ Маргарита жақсылықтан үміт үзбейді.
Анастасия Демян 17 жыл бойы борт қызметкері болып жұмыс істеген. 2014 жылы жұмысынан айырылады. Содан бері мүгедектік бойынша зейнетақыға күнелтіп жүр. Он екі жастағы Егор аутизмге шалдыққан.
"Төрт жасында жүріп бастаған еді. Соғыс кесірінен оңалту шаралары тоқтап қалды", - дейді ол.
Олардың үйі Донецк әуежайының жанында болған. Қауіп үлкен болған соң, балалы ана Углегорсктегі әжесінің үйіне келген. Кейіннен Енакиевоға эвакуациялаған.
"Наурызда бәрі тынышталған соң, Углегорсктағы үйіме барып қайттым. Гараж бен ас бөлмесі қиратылыпты. Қирандыны өзім реттедім. Ер адам жоқ: бірі соғыста, бірі күнкөріс қамымен жүр, - дейді Анастасия. – Біршама реттедік. Ашықтық демеймін, бау-бақшам болды, амалдадық".
Дебальцев қазандығы сол кезде сегіз жаста болған Катяның да есінде. Ол осы жақта ата-анасымен және төсек тартқан әжесімен тұрған. Әскери бөлімше үйлерінен ондаған метр қашықтықта орналасқан.
"Көршінің үйіне және біздің бақшамызға снаряд түскен кезде біз қаланың қарсы аумағында тұратын туысымыздың үйіне кетіп қалдық. Құммен толтырылған қаптан бункер құрастырдық. Біраз қоршауда отырып, кейін қайта оралдық. Бір күннен кейін қару-жарақ қоймасына снаряд түсті", - дейді жеткіншек.
Жасыл дәліз жарияланған күні Катяның ыстығы көтеріліп, төсек тартып қалған. Дәрі болмаған соң, салқын суға малынған шүберекпен амалдаған.
Президент РФ В. Путин провел заседание Совбеза РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Украина мен Ресейге келіссөз алаңын ұсынды - Лавров не дейді
"Қуанышымызға орай, шыға алдық. Біз мінген автобуста дәрігер болды. Дене қызуын сол кісі басып берді. Енакиеводағы апамыздың үйіне бардық. Кейіннен Дебальцеводағы үйден дым қалмағанын білдік. Көп қабатты үйден пәтер берді. Бәрі біршама реттеле бастады", - дейді ол.
Ол он бес жасқа толғанда Донецкке көшіп, заң училищесіне оқуға түскен. Катя осы жылы диплом алуы керек еді. Бірақ бәрі қайтадан аласапыран боп кетті.
Катяның ата-анасы Красногорскқа жүретін автобус жайлы кездейсоқ біліп қалып, қыздарын көлікке салып жіберген. "Он екі жастағы Римма менің қамқорлығымда. Жанұяларымызбен доспыз", - дейді бойжеткен.
Әкесін әскерге шақырған. Соңғы жылдары ол төсек тартқан анасына күтім жасаған. Әйелі бірнеше жұмыста еңбектенген. Катя үйін сағынғанмен, Ресейге кетуді армандайды: "Бізде болашақ жоқ. Ал менің жоспарым көп. Менің отбасым ешқандай мұқтаждық көрмесе деймін".
Көрші орналасқан Енакиево тұрғындары да қатты зардап шекті. 2014 жылы 2 қыркүйекте сегіз жастағы Андрей Дмитриев серуеннен үйіне қайтып келе жатқанда, снаряд құлаған. Жеткіншек подъездге кіріп үлгермеген.
Андрей көп жарықшақ жарақатын алған. Омыртқасына зақым келіп, тізесінен төмен қарай сал боп қалған. Оған оннан астам ота жасалған. Балалары мүгедек арбасына таңылған соң, Дмитриевтер пәтерден жер үйге көшкен.
Лина Дмитриеваның күйеуі де майданға шақырту алды. Ал өзі екі баласымен "Созвездие" орталығына орналасты. Андреймен бірге Г.Сперанский атындағы Қалалық клиникалық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оған ота жасаудан бұрын жағдайын тұрақтандыруға тырысып жатыр.
"Мұндай біліктілігі жоғары нейрохирургтер бізде жоқ. Сондықтан әзірше осында тұрақтаймыз. Үйге қайтқымыз келеді, әрине. Қатты алаңдап отырмыз. Әсіресе, Мариуполь үшін алаңдаулымыз. Ол жақта туыстарымыз бар. Әзірше еш хабар жоқ", - дейді Лина.
Ал Горловкадағы Павел 2018 жылы патрон тауып алдым деп ойлаған. Бірақ жарылыс сол қолының саусақтарын жұлып әкеткен. Жарықшақ жарақатының салдарынан бір көзі көрмей қалған.
"Созвездие" орталығында бұған дейін де оңалтудан өткен. Бұл жолы бионикалық протез қоюға келді. Араға бірнеше жыл салып демеуші табылды.
Мединский рассказал, что планируется обсудить на переговорах с Украиной
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина-Ресей келіссөзінің үшінші раунды қалай аяқталды - видео
Павелдің анасы нанға барған кезде құлаған "Градтан" сәттіліктің арқасында аман қалған. Қазір армияға шақырту алған ағасы үшін алаңдайды. Павел тезірек үйге қайтқысы келеді. Горловкадан кетуді ойламайды да.
Донецктегі Татьяна да барлығы тынышталуын асыға күтіп жүр. Оның қызы Эвелина сал ауруына шалдыққан. Кеңес кезінен қалған көппәтерлі үйде тұрады. Жертөлесі болғанымен, ол жабдықталмаған.
"Басып қалса, сол жерде қалатының анық. Ал басқасына қарай жүгіру тым қауіпті. Оның үстіне, қызыммен бірге қайда жетемін?".
Ол дәлізде бас сауғалайды. Бірінші кезектегі қажеттілік заттары мен құжаттар жиналған жол сөмкесі үнемі жақын жерде тұрады.
"Украинада балалар мен аналар зардап шегіп жатқанын көргенде, жүрегім қан жылайды. Бірақ бізде мұндай жағдай сегіз жылдан бері жалғасып жатыр. Сонда біз есепке жатпаймыз ба? Неге біздің аналарымыз бен балаларымыз мертігіп жатқан ешкім үндемеді?" – дейді Татьяна.
Жаңалықтар
0