https://sputnik.kz/20220310/lavrov-qazaqstan-resey-ukraina-23430229.html
Қазақстан Украина мен Ресейге келіссөз алаңын ұсынды - Лавров не дейді
Қазақстан Украина мен Ресейге келіссөз алаңын ұсынды - Лавров не дейді
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз тарапынан барлық көмекті, соның ішінде делдалдық қызмет ұсынуға дайын деген болатын 10.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-10T17:57+0500
2022-03-10T17:57+0500
2022-04-26T14:57+0500
қазақстан
ресей
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23429980_0:0:1836:1034_1920x0_80_0_0_15806075f3899c0e8f8b20e9727fd6c0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей мен Украинаға Қазақстанда келіссөз өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді."Ресей қақтығысты шешуге көмектесу үшін жақсы ниетпен ұсыныс жасайтындардың бәріне алғыс білдіреді. Ең бастысы, біздің түрік достарымыздың да, қазақ достарымыздың да ұсынысын Украина тарапы өз мақсатында пайдаланбаса деп ойлаймыз ", - деді Лавров украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен келіссөз қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.Сонымен бірге Ресей Украинадағы жағдай туралы келіссөздің түрлі форматын қарастыруға дайын екенін жеткізді. "Кездесулер бос сөз үшін өткізілмеуі керек деген ойдамыз", - деп толықтырды Сергей Лавров. Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының съезінде Украинадағы ахуалдың ушығуы туралы алғаш рет айтқан болатын.Ол екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысып, уағдаластық пен келісімге қол жеткізуге шақырды.Жақсы даудан жаман бітім артық. Басқа жол жоқ. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмекті, соның ішінде делдалдық қызмет ұсынуға дайын, деген еді Тоқаев
қазақстан
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23429980_116:0:1836:1290_1920x0_80_0_0_d5982d2af51a99ae7d975b31db5db32c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, украина
қазақстан, ресей, украина
Қазақстан Украина мен Ресейге келіссөз алаңын ұсынды - Лавров не дейді
17:57 10.03.2022 (жаңартылды: 14:57 26.04.2022) Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өз тарапынан барлық көмекті, соның ішінде делдалдық қызмет ұсынуға дайын деген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей мен Украинаға Қазақстанда келіссөз өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді.
"Ресей қақтығысты шешуге көмектесу үшін жақсы ниетпен ұсыныс жасайтындардың бәріне алғыс білдіреді. Ең бастысы, біздің түрік достарымыздың да, қазақ достарымыздың да ұсынысын Украина тарапы өз мақсатында пайдаланбаса деп ойлаймыз ", - деді Лавров украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен келіссөз қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге Ресей Украинадағы жағдай туралы келіссөздің түрлі форматын қарастыруға дайын екенін жеткізді.
"Кездесулер бос сөз үшін өткізілмеуі керек деген ойдамыз", - деп толықтырды Сергей Лавров.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының съезінде Украинадағы ахуалдың ушығуы туралы алғаш рет айтқан болатын.
Ол екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысып, уағдаластық пен келісімге қол жеткізуге шақырды.
Жақсы даудан жаман бітім артық. Басқа жол жоқ. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмекті, соның ішінде делдалдық қызмет ұсынуға дайын, деген еді Тоқаев