https://sputnik.kz/20220323/kaspiy-konsortsiumyndagy-apat-munay-tasymaldau-kolemi-ush-ese-qysqaruy-mumkin-23682931.html
Каспий құбыр желісі мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуы мүмкін
Каспий құбыр желісі мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қара теңіздегі қатты дауыл салдарынан Каспий консорциумының құбыр желісі зақымдалған 23.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-23T10:21+0500
2022-03-23T10:21+0500
2022-03-23T10:39+0500
экономика
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_0:85:3072:1813_1920x0_80_0_0_d5ba838cd24e283ada3f091a5fde57e4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) екі қондырғының жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл құбыр желісінің өткізу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін.Консорциумның теңіз терминалын кезектен тыс тексеру кезінде үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.Бұдан бөлек екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.Каспий құбыр желісі консорциумы қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетуі мүмкін деп отыр. Осыған байланысты кәсіпорын алдағы уақытта мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуға мәжбүр болуы ықтимал.Сонымен қатар бірінші және екінші айлақ құрылғысын қосымша тексеру жоспарланған.Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды. АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.
https://sputnik.kz/20220318/munay-eksport-shekteu-23629733.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_6585708f763d6237de3ac0c51457465d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Каспий құбыр желісі мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуы мүмкін
10:21 23.03.2022 (жаңартылды: 10:39 23.03.2022) Қара теңіздегі қатты дауыл салдарынан Каспий консорциумының құбыр желісі зақымдалған
НҰР-СҰЛТАН, 23 наурыз — Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы (КТК) екі қондырғының жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл құбыр желісінің өткізу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін.
Консорциумның теңіз терминалын кезектен тыс тексеру кезінде үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару шешімі шығарылды.
"Олқылықты уақытында анықтау нәтижесінде мұнайдың Қара теңіз акваториясына төгілуіне жол берілмеді", - деп хабарлады консорциум.
Бұдан бөлек екінші құрылғының 9-шы және 13 шлангасының зақымдалғаны анықталған. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.
Каспий құбыр желісі консорциумы қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетуі мүмкін деп отыр. Осыған байланысты кәсіпорын алдағы уақытта мұнай тасымалдау көлемін үш есе қысқартуға мәжбүр болуы ықтимал.
Сонымен қатар бірінші және екінші айлақ құрылғысын қосымша тексеру жоспарланған.
Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды. АҚШ осы желі арқылы тасымалданатын Ресей мұнайына санкция енгізген болатын. Бірақ бұл тыйымның Қазақстан мұнайына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.