https://sputnik.kz/20220318/munay-eksport-shekteu-23629733.html
Мұнай экспорты бойынша шектеу жоқ – министр Ақшолақов
Мұнай экспорты бойынша шектеу жоқ – министр Ақшолақов
Sputnik Қазақстан
Қазақстан үш негізгі мұнай құбыры, сондай-ақ Ақтаудағы теңіз порты және теміржол арқылы мұнай экспорттайды 18.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-18T17:58+0500
2022-03-18T17:58+0500
2022-03-18T17:58+0500
мұнай
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_0:85:3072:1813_1920x0_80_0_0_d5ba838cd24e283ada3f091a5fde57e4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Бүгінгі күні Қазақстанда мұнай экспортына қатысты қындық туындап отырған жоқ. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.Қазақстанның мұнайды экспорттау және ішкі нарыққа жеткізуге арналған тасымалдау жүйесі әртараптандырылған.Мұнайды экспорттау жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:"Бүгінгі күні мұнай экспорты бойынша шектеу жоқ", - деді Ақшолақов энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.Ол Ақтөбе және Құмкөл кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендегені туралы мәлімдеді.Еске сала кетейік, наурыздың басында БАҚ-та Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнай экспорттаушыларға кері әсерін тигізіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда, анонимді трейдерлердің Reuters агенттігіне берген мәліметі бойынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Ресейге қарсы санкциялар аясында мұнай тасымалдау кезінде қиындықтарға тап болған.Трейдерлердің айтуынша, сатып алушылар ресейлік мұнаймен араласқан және ресейлік порттан тиелген мұнайды сатып алудан бас тартқан. Алайда Қазақстанның энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_6585708f763d6237de3ac0c51457465d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, экспорт
Мұнай экспорты бойынша шектеу жоқ – министр Ақшолақов
Қазақстан үш негізгі мұнай құбыры, сондай-ақ Ақтаудағы теңіз порты және теміржол арқылы мұнай экспорттайды
НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Бүгінгі күні Қазақстанда мұнай экспортына қатысты қындық туындап отырған жоқ. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.
Қазақстанның мұнайды экспорттау және ішкі нарыққа жеткізуге арналған тасымалдау жүйесі әртараптандырылған.
Мұнайды экспорттау жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Каспий құбыр консорциумының мұнай құбыры;
Атырау – Самара мұнай құбыры;
Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры;
"Бүгінгі күні мұнай экспорты бойынша шектеу жоқ", - деді Ақшолақов энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Ол Ақтөбе және Құмкөл кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендегені туралы мәлімдеді.
"Мұнай-газ кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру және мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын одан әрі әртараптандыру үшін вице-министр Мағауовқа "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансОйл" компанияларымен бірлесіп, Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын жылына 12 миллион тоннаға дейін кеңейту жобасын әзірлеуге кірісуді тапсырамын", - деді министрлік басшысы.
Еске сала кетейік, наурыздың басында БАҚ-та Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнай экспорттаушыларға кері әсерін тигізіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда, анонимді трейдерлердің Reuters агенттігіне берген мәліметі бойынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Ресейге қарсы санкциялар аясында мұнай тасымалдау кезінде қиындықтарға тап болған.
Трейдерлердің айтуынша, сатып алушылар ресейлік мұнаймен араласқан және ресейлік порттан тиелген мұнайды сатып алудан бас тартқан. Алайда Қазақстанның энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.