Балтық елдері әскери маневрлерді күшейтті

© Sputnik / Sputnik / Медиабанкке өтуСовместные учения России и Беларуси "Союзная решимость - 2022"
Совместные учения России и Беларуси Союзная решимость - 2022 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Жазылу
Балтық елдерін милитаризациялау, НАТО-ның жиі маневрлері, Латвия, Литва мен Эстония территориясында тұрақты орналасқан шетелдік әскери контингент пен соққы жасау техникалары іргелес жатқан Беларусь және Ресеймен арада шиеленіс қаупін арттырды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Латвиядағы НАТО-ның кеңейтілген (шетелдік) соққы жасаушы тобы Канададан келген әскерилерді қабылдауды жалғастырып жатыр: өз қаруы мен техникасы бар 460 артиллерист қосылды. Адажи базасындағы канадалық әскери контингент саны 660 сарбазға дейін өседі және бұл Латвияның Ұлттық қарулы күштері құрамының 10 процентінен асады.
Адажи базасында латвиялық әскери қызметшілерді даярлау және маневрлерді ұйымдастыруда канадалық мамандар маңызды рөл ойнайды. Оның үстіне канадалықтар оқу-жаттығудан жауынгерлік іс-қимылға көшуге дайын екендерін жеткізді.
"Тыныштық" операциясы аясында Канада Балтыққа Halifax үлгісіндегі өз зымыран фрегаттарын бағыттады, сүңгуір қайықтарды, су үсті кемелерін іздеу және жоюға және миналы қоршаулар қоюға арналған CP-140 Aurora патрульдік ұшағын орналастырады.
Әскери сарапшының пікірінше, Латвияда бес жылдан бері жақсы қаруланған шетелдік әскер, атап айтқанда Канада, Албания, Чехия, Исландия, Италия, Черногория, Польша, Словения, Испания және Словакиядан келген 1500-ден астам сарбаз бар. Ресей Қарулы күштерінің Украинадағы арнайы операциясы басталғанға дейін Пентагон Италиядан Балтық елдеріне қосымша 800 әскери қызметкерді, сондай-ақ бірнеше F-35 жойғыш ұшағы мен отызға жуық AH-64 Apache тікұшағын жөнелтті.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады
24 ақпаннан кейін қосымша 22 мыңға жуық шетелдік әскери қызметкер Шығыс Еуропаға орналастырылды. Альянс алғаш рет өзінің жедел әрекет ету күштерін - 40 мыңға жуық әскери қызметкерді, соның ішінде "бейтарап" Финляндия мен Швеция әскерилерін жұмылдырды.
Бірақ Латвия президенті Эгилс Левитс АҚШ Армиясының Латвия территориясында тұрақты орналасуын және шетелдік базаның болуын талап етіп отыр. Латвияның қорғаныс министрі Артис Пабрикс ұлттық қарулы күштерге түріктердің соққы жасауға арналған пилотсыз Bayraktar ұшағын жеткізуді талқылап жатыр. Ол Украинаға тәжірибелі "еріктілерді" жөнелтудің амалын қарастыратынын да жасырмай отыр.
Балтық маңы әскери-саяси эскалацияның ошағына айналып жатыр. Литва (350 неміс сарбазы) мен Эстония (1000 британ сарбазы, Challenger танктері, 200 француз сарбазы мен төрт Mirage жойғыш ұшағы) шетелдік әскер санын ұлғайтып отыр. Балтық елдері Украинамен ниеттестігін білдіру мақсатында ресейлік елшіліктің он қызметкерін еліне қайтарды.
"Латвия, Литва мен Эстония Ресейдің теңіздегі блокадасын көздейді. Сондықтан олар өздерінің Еуроодақ пен НАТО бойынша аға серіктестерінен Ресей Федерациясының кемелері үшін теңіз порттарын жабуды талап етіп отыр. Литва жақында ғана 16 километрге дейінгі биіктікте, 40 километрге дейінгі қашықтықта жұмыс істейтін норвегиялық кешендерді сатып алды", - деп жазды Александр Хроленко.
Литваның оңтүстігінде Unified Response оқу-жаттығу форматында өткен үш апталық полигон жаттығуларынан кейін литвалық батальон Ресейдің Калининград облысымен іргелес жатқан Мариямполь уездіне қарай ығысты. Балтық елдерін Польша және НАТО-мен біріктіретін Сувалк дәлізінің солтүстік бөлігінде литвалық жауынгерлер патрульдеу мен басқа да тактикалық операцияларды пысықтап жатыр.
Қазақстан, АҚШ, ту - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Саясат
Ресейге қарсы санкция әсері: Қазақстан АҚШ-пен консультация өткізді
Клайпеда теңіз портында Sachsen-Anhalt неміс фрегаты табан тіреді. Оның зымыран қаруы үлкен қашықтықтағы әуедегі, суүсті және жерүсті нысандарын жоюға арналған.
Литва президенті Гитанас Науседа Пабрад полигонындағы АҚШ Құрлықтағы әскерінің броньді танк батальонының әскери қызметшілерін жеке қарсы алып қайтты. Бұл ел президентінің америкалық әскерге қаншалықты мән беретінін аңғартып тұр.
Бельгия Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұштары Эстонияның әуе кеңістігінде күн сайын бес сағаттап шағын биіктіктегі ұшулар орындап жатыр. Бұл Ресей шекарасына тікелей жақын маңда жүзеге асырылуда. Ал Ресей бельгиялық ұшақтарды жіті бақылауда ұстап отыр.
"Серіктестердің" өңірлік қауіпсіздік бойынша алаңдауына еш себеп жоқ. Өйткені Ресей мен Беларусьтің Балтық елдеріне қатысты аймақтық наразылығы жоқ. Олар бұл өңірдегі русофобия Вашингтон мен Брюссельдің ықпалынан туындап отырғанын жақсы түсінеді", - деп жазды әскери шолушы.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0