https://sputnik.kz/20220322/zhylu-elektr-ortalygy-otbasy-aqshalay-komek-23680158.html
Жылу электр орталығында қаза болған әйелдің отбасына ақшалай көмек көрсетіледі
Жылу электр орталығында қаза болған әйелдің отбасына ақшалай көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Петропавлда жылу электр орталығында көз жұмған қызметкердің отбасына кәсіпорын бес жылдық еңбекақы мөлшерінде қаржылай көмек... 22.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-22T18:39+0500
2022-03-22T18:39+0500
2022-03-22T18:39+0500
жылу электр орталығы
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e6/03/16/23675145_0:157:1280:877_1920x0_80_0_0_858c54e0097e1a48796874f8cb806142.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Петропавлда жылу электр орталығында көз жұмған қызметкердің отбасына кәсіпорын бес жылдық еңбекақы мөлшерінде қаржылай көмек көрсетеді, деп мәлімдеді "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.Сонымен қатар Наталья Чефонованың баласының білім алуға кеткен шығынын өтейді. Жерлеуді ұйымдастырумен байланысты барлық шығынды да жұмыс беруші өз мойнына алады.20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.Төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Апаттың себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады.
https://sputnik.kz/20220322/zhylu-elektr-ortalygyndagy-apat-direktor-bas-inzhener-23669372.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/16/23675145_0:37:1280:997_1920x0_80_0_0_ea0f571b28393914ded6fd49e87b1960.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, петропавл
жылу электр орталығы, петропавл
Жылу электр орталығында қаза болған әйелдің отбасына ақшалай көмек көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Петропавлда жылу электр орталығында көз жұмған қызметкердің отбасына кәсіпорын бес жылдық еңбекақы мөлшерінде қаржылай көмек көрсетеді, деп мәлімдеді "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.
"Севказэнерго" АҚ басшылығы мен ұжымы Петропавл ЖЭО-2-де қаза тапқан Наталья Чефонованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Кәсіпорын басшылығы орны толмас қазаның ауырлығын түсіне отырып, марқұмның отбасына жан-жақты, атап айтқанда, тұрғын үй жағдайын жақсарту, отбасына қаза болған қызметкердің бес жылдық еңбекақысы мөлшерінде өтемақы төлеу түрінде көмек көрсетеді", - деді кәсіпорынның баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар Наталья Чефонованың баласының білім алуға кеткен шығынын өтейді. Жерлеуді ұйымдастырумен байланысты барлық шығынды да жұмыс беруші өз мойнына алады.
20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Соның салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысын тоқтатуға тура келді. Үйінді астынан машинист әйелдің мәйіті табылды.
Төтенше жағдайдан кейін ЖЭО-2 директоры мен бас инженері қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Апаттың себебі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады.